Galaxy GL 0318 [19/22] Немесе 100 мл суға 30 г лимон қышқылын қолданыңыз корпустың ішкі

Galaxy GL 0318 [19/22] Немесе 100 мл суға 30 г лимон қышқылын қолданыңыз корпустың ішкі
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.9 Су қайнағаннан кейін шәйнек автоматты түрде ажыратылады,
ажыратқыш (4) «0» (сөндірулі) күйіне қайтып оралады, және жұмыс ин
дикаторы (6) сөнеді;
Ескерту Қажет болған кезде Сіз құралды оның қайнауына дейін
ажыратқышты (4) «0» (сөндірулі) күйіне ауыстыра отырып, сөндіре ала-
сыз.
7.10 Шәйнектен суды құю үшін оны қойғыштан (7) шешіңіз және оны
ыдысқа еңкейтіңіз.
Ескерту – Шәйнекті қойғыштан (7) шешу кезінде оның беті аздап дымқыл
болуы мүмкін. Бұл шәйнекті автоматты ажырату механизмінің іске қосылуы
кезінде, оның ішіндегі будың біраз бөлігінің құрал корпусындағы (1) ар-
найы саңылау арқылы өтуімен түсіндіріледі. Осылайша, қойғышта (7)
аздаған мөлшердегі ылғалдың болуы қате жұмыстың немесе өндірістік
ақаудың нәтижесі болып табылмайды.
7.11 Жиналушы қақтың мөлшерін азайту үшін:
7.11.1 Шәйнекті әрбір қолданудан кейін барлық суды төгіп отырыңыз;
7.11.2 Сумен толтырылған шәйнекті түнге қалдырмаңыз;
7.11.3 Сүзгіленген суды қолданыңыз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
8.1.1 Қызмет көрсетуді жүргізудің алдында шәйнектің қуат беру
баусымының (9) ашасын розеткіден шығарыңыз;
8.1.2 Шәйнектің корпусын (1) және қойғышты (7) дымқыл шүберекпен
сүртіңіз;
Ескерту Шәйнекті тазалау үшін қажақты тазартқыштарды және
агрессивтік жуғыш құралдарды қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шәйнекті, қуат беру баусымын (9) және қойғышты
(7) ешқашан суға батырмаңыз. Шәйнекті және қойғышты (7) ыдыс-аяқ
жуатын машинада жууға тыйым салынады.
8.1.3 Қақтарды кетіру:
• Шәйнекке суды максималды көлемнен төрттен үш бөлігіне құйыңыз және
суды қайнатыңыз;
• Шәйнек ажыратылғаннан кейін, оған сірке қышқылының 8% ерітіндісін
(немесе 100 мл суға 30 г лимон қышқылын қолданыңыз) корпустың ішкі
бетіндегі максималды белгіге дейін үстеп құйыңыз;
• Ерітіндіні шәйнекте бірнеше сағатқа қалдырыңыз;
• Шәйнектен суды төгіңіз және сумен мұқият жуыңыз;
• Шәйнекке таза суды корпустың ішкі бетіндегі максималды белгіге (10)
дейін құйыңыз және оны қайнатыңыз;
Шәйнектен суды төгіңіз және оны қайта таза сумен жуыңыз. Егер
шәйнекте әлі де қақ қалса, жоғарыда аталған рәсімді қайталаңыз.
Ескерту – Сіз сонымен бірге қақтардан тазалау үшін арнайы құралдарды
да қолдана аласыз. Бұл жағдайда дайындаушыдан нұсқаулықтарды
қолданыңыз.

Содержание

Скачать