Galaxy Line GL0301 [10/17] Қате жұмыстың кез келген белгілері кезінде шәйнекті резеткіден жылдам

Galaxy Line GL0301 [10/17] Қате жұмыстың кез келген белгілері кезінде шәйнекті резеткіден жылдам
KAZ
11
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Біз Сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және Сіздің сатып алған
техникаңызға көңіліңіз толатындығына сенімдіміз. GALAXY техникасы Сіздің
үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты орнату үшін жасалған.
Құралды қолдану алдында біз Сізге аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
барлық тармақтарымен мұқият танысып шығуды ұсынамыз.
Құралды сатып алу кезінде оның жұмысқа қабілеттілігіне, механикалық
бүлінулердің жоқтығына көз жеткізу, сонымен қатар, сатушы ұйым
мөртабанының бар екендігін, сатылған күнін және сатушының қолтаңбасын,
құралдың корпусындағы сериялық нөмірге дәл сәйкес келетін үлгінің нөмірі
мен сериялық нөмірін және жиынтығын тексеру қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі шарт-
тарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
1. Электроприбор пайдаланылуы тиіс тек қайнату үшін ауыз су.
2. Құралдың корпусын суға және басқа да сұйықтықтарға батыруға тыйым
салынады.
3. Құралды қуат беру көзіне қосудың алдында желі параметрлерінің 220-240
В ~ 50 Гц мәндеріне сәйкес келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
4. Құралды желіден ажырату кезінде сымнан емес, істікшеден ұстау керек
болады.
5. Электр құралының құлауын болдырмау үшін оның баусымын үстел жиегінен
немесе жұмыс бетінен салбыраған күйде қалдармаңыз.
6. Шәйнекті және оның қойғышын электр плитасы секілді ыстық бет-
ке қоймаңыз және оны ашық оттың, тез жанатын сұйықтықтардың немесе
газдардың маңында қолданбаңыз.
7. Балаларға құралға тіпті ол егер сөндірілген және желіден ажыратылған болса
да жанасуға болмайды. Балалардың құралмен ойнауларына жол бермеу үшін
бақылауда болулары керек.
8. Ешқашан жұмыс жасап тұрған шәйнекті жылжытпаңыз.
9. Қате жұмыстың кез келген белгілері кезінде шәйнекті резеткіден жылдам
ажыратыңыз.
10. Электр құралын жоғарғы ылғалдылық шарттарында және төмен
температуралардың әсерінде қолданбаңыз және сақтамаңыз.
11. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру керек.
Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және
жұмыс аяқталғаннан кейін желіден ажырату керек.
12. Жұмыс, сақтау және құралды күту аталған пайдалану жөніндегі
нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
13. Сым мен құралдың бүтіндігін қадағалау керек. Құралды бүлінулер бар
болған жағдайда қолдануға тыйым салынады.
14. Құралды желіге қосудың алдында ажыратқыш батырмасының «ажыр.» (0)
күйінде тұрғандығына көз жеткізіңіз.
15. Өнімдер тиелген электр құралын тасымалдауға тыйысм салынады. Бос
қалпында тасымалдаңыз, суыған электр құралын егер мұндай құрылым

Содержание

Скачать