Galaxy Line GL0301 [13/17] Электр құралын қойғышқа орнатыңыз және ажыратқышты i қосылулы

Galaxy Line GL0301 [13/17] Электр құралын қойғышқа орнатыңыз және ажыратқышты i қосылулы
KAZ
13
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Құралда көрсетілген қуат беру желісі параметрлерінің сәйкестілігін тек-
сере отырып, және ажыратқыштың «0» (сөндірілді) күйінде тұрғандығына
көз жеткізіп алып, қуат беру баусымының істікшесін желіге қосыңыз, және
тіреуішті тегіс орнықты бетке орнатыңыз. Шәйнекті таза сумен толтырыңыз
және шәйнектің қақпағын ол берік бекітілгендей етіп жабыңыз.
Электр құралын тіреуішке орнатыңыз және ажыратқышты «І» (қосу) күйіне
ауыстырыңыз. Су қайнаған кезде, шәйнек автоматты түрде сөнеді. Осыдан
кейін суды шәйнектен тостағанға немесе басқа ыдысқа құюға болады. Назар
аударыңыз, суды тостағанға қақпақты ашпай-ақ шүмегінен құю керек.
Электр құралын қойғышқа орнатыңыз және ажыратқышты «I» (қосылулы)
күйіне ауыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек суды қайнатуға арналған. Құрылғы тек
тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
- Құралды құрғақ, балаларға және жануарларға қолжетімді емес жерлерде,
+10-тан +30 °С-қа дейінгі температурада және 65%-дан аспайтын ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы шарттарында сақтау керек.
- Құралды тазалау үшін құралдың бетін бүлдіруі мүмкін тазартқыш құралды
қолданбаңыз.
Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге
тырыспаңыз. Міндетті түрде авторландырылған сервистік орталыққа
баруды ұсынамыз.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана та-
сымалдау керек болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген
температурада сақтаудан кейін оны бөлме температурсында кем дегенде екі
сағаттай ұстау қажет.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Құралдарды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға түзелмейтін зиян
келтіреді. Ақаулы құралдарды, сонымен бірге қуат берудің
пайдаланылған элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Осы мақсаттар үшін мамандандырылған құралдарды кәдеге
жарату бекетіне жүгініңіз. Тұрмыстық құралдар мен пайдаланылған қуат беру
элементтерін қайта өңдеу үшін қабылдау бекеттерінің мекен-жайларын Сіз өз
қалаңыздың муниципалдық қызметтерінен ала аласыз.

Содержание

Скачать