Galaxy GL 0320 [15/22] Олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға арқылы құралды қолдану жөнінде

Galaxy GL 0320 [15/22] Олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға арқылы құралды қолдану жөнінде
KAZ
15
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.15 Ашаны розеткіден ажырату кезінде баусымнан тартпаңыз.
4.16 Ішінде ыстық суы бар шәйнекті жылжыту кезінде электр құралын
тұтқасынан берік ұстаңыз.
4.17 Сіз шәйнектен барлық ыстық суды ағызғаннан кейін оған бірден суық
суды құймаңыз. Бірнеше минут шәйнектің суығанын тосыңыз, және тек
содан кейін ғана су құйыңыз.
4.18 Электр құралының құлап қалуын болдырмау үшін оның баусы-
мын үстелдің немесе жұмыс бетінің жиегінен салбырап тұрған күйде
қалдырмаңыз.
4.19 Баусымның және құралдың бүтіндігін қадағалау керек. Құралды
бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.20 Қауіптерге жол бермеу үшін қуат беру баусымы бүлінген кезде оны
дайындаушы немесе оның агенті, немесе аналогтік білікті тұлға ауысты-
руы керек. Қуат беру баусымын ауыстыру қолданыстағы тарифке сай
авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылады.
4.21 Құралмен жұмыс жасау, сақтау және оған күтім жасау осы аталған
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
4.22 Электр құралын тазалаудың немесе қолданудағы ұзақ мерзімдік
үзілістің алдында желіден ажыратыңыз.
4.23 Егер ол тіпті сөндірілген және желіден ажыратылған болса да,
балалардың құралмен жанасуларына рұқсат бермеу керек. Балалардың
құралмен ойнауларына жол бермеу үшін бақылауда болулары керек.
4.24 Жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз!
4.25 Электр құралын жоғары ылғалдылық шарттарында және төмен
температуралардың әсерлерінде қолданбаңыз және сақтамаңыз.
4.26 Электр құралын суға немесе басқа да сұйықтықтарға батыруға
болмайды. Құралды ванналардың, шұңғылшалардың немесе сумен
толтырылған басқа да ыдыстардың жанында қолданбаңыз.
4.27 Аталған электр құралы тұрмыстық шарттарда қолдануға арналған
және пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, қонақүй нөмірлерінде,
дүкендердің тұрмыстық бөлмелерінде, кеңселерде немесе басқа да осындай
пайдалану шарттарында қолдануға болады. Құрал өнеркәсіптік қолдануға
арналмаған.
4.28 Аталған үлгі +15-тан +30°С-қа дейінгі жұмыс температураларының
ауқымындағы қоңыржай климат шарттарында және ауаның 65%-дан аспай-
тын салыстырмалы ылғалдылығында жұмыс істеуге арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал физикалық, сенсорлық немесе ақыл-
ой қасиеттері төмендеген немесе егер олар қарауда болмаса немесе
олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға арқылы құралды қолдану жөнінде
нұсқау берілмеген жағдайларда тұлғалардың (балаларды қоса алғанда)
қолдануына арналмаған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік немесе
есірткілік масаю күйінде немесе шындықты объективтік қабылдауға кедергі
болушы басқа да жағдайларда қолданбау керек, және осындай күйдегі
және жағдайлардағы адамдарға электр құралын сеніп тапсырмау керек!

Содержание

Скачать