Polaris PSC 1102 C STEAM Multidrive [32/44] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Polaris PSC 1102 C STEAM Multidrive [32/44] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
32
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
3. Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Бумен тазартатын құралды үшайыр арқылы өзге құрылғылармен бірге қосуға тыйым
салынады.
Құралды пайдаланбас бұрын желілік сым мен бу жүретін түтікті мұқият қарап
шығыңыз, олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Егер желілік сым немесе бу
жүретін түтік зақымдалса, құралды пайдаланбаңыз.
Құралды ыстық бу салдарынан бүлінуі мүмкін, яғни былғары материалдарды, винилды
еденді, герметикалық емес тораптары бар еден үстілік жабынды, балауызбен өңделген
еден бен жиһазды, синтетикалық маталарды, жұмсақ пластиктен жасалған өнімдерді,
мұздалған шыны немесе төмен температураға дейін салқындатылған шыныны, барқыт
немесе жұмсақ күдері теріден жасалған бұйымдар мен материалдарды тазарту үшін
қолданбаңыз.
Құралды пайдалануға келіспейтін мақсаттар үшін қолданбаңыз.
Күйіп кетпеу үшін жұмыс барысында абайлық танытыңыз.
Құралды электрлі не газ плитасына, немесе соның маңына, үстелдің шетіне не берік
емес қабатқа қоймаңыз.Құралды тегіс, құрғақ және берік қабатқа қою қажет.
Құралдың жиынтығына кіретін түпнұсқалы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құралда пайдалану үшін суға арналған сауытқа тек таза суды құйыңыз, судың қосымша
тазалықтан (минералсызданған) өткені жөн. Газды суды, қандай да бір қоспалар мен
жуу құралдарының ерітіндісін пайдалануға тыйым салынады.
Құбырдағы су тым қатты болса немесе минералды қабаттар түзсе, қайнатылған немесе
дистилденген суды қолдануға рұқсат етіледі. Сауытты толтырмас бұрын құрал
суығанша күте тұрыңыз және құрал сөндіру күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз (электр
желісінен ажыратылған болу тиіс). Сауытты асыра толтырмаңыз.
Суға арналған сауытқа әк қабатын жоюға арналған құралдарды, хош иісті майды, жуу
құралдары мен спиртті және өзге сұйықтықтарды құймаңыз. Бұл құралдың бүлінуіне
немесе жарақатқа әкеп соғуы мүмкін.
Құралдың жабдықтарын орнатқан кезінде немесе оларды шешіп алған кезде, сондай-ақ
ауыстыру барысында құралдың сөндірілгендігіне көз жеткізіңіз (электр желісінен
ажыратылған болу тиіс).
Майлы бояу немесе киімді күйеден сақтауға арналған химиялық құралдардың
ерітіндісінің буы шығатын, сондай-ақ өзге жарылу қауіпі бар, улы буы бар бөлмежайда
құралды қолданбаңыз.
Құралдың жұмысы барысында қызып кеткен бөліктерге қол тигізбеңіз. Күйіп қалу
қауіпі бар.
Құралдың жұмысы барысында оны түбін жоғары қарата қоймаңыз, бу шығатын
саңылауларды жаппаңыз, сондай-ақ бұл саңылауларға бөгде заттарды салмаңыз.
Бумен тазартатын құралды енкейтіп орнатпаңыз оның корпусының шамадан тыс
көлбеулеуіне жол бермеңіз. Корпус әрқашан тік қалпында болуы тиіс. Биіктеу
бұрыштардың астында бумен жібіту қажет болса ұзартатын түтік пен бұралатын топсаны
қолданыңыз.
Құралдың жұмысы барысында бу адамға, жануар немесе электрлі құрамдастары бар,
мысалы духовканың ішкі бөлігі секілді құрылғыға бағытталмауы тиіс.

Содержание

Скачать