Polaris PSC 1102 C STEAM Multidrive [38/44] Құралдың жабдықтарын шолып қарап шығу және пайдалану мақсаты

Polaris PSC 1102 C STEAM Multidrive [38/44] Құралдың жабдықтарын шолып қарап шығу және пайдалану мақсаты
38
2. Бумен тазартатын құралды желіге жалғастырып қосыңыз.
Құралды қосқан сәтте жарық индикаторы жанады да, бойлердегі су автоматты түрде
қыза бастайды.
3. Құрал шамамен 3 минут уақыттан соң пайдалануға дайын.
Құралдың жұмысқа даярлығын жарық индикаторы арқылы біле аласыз. Құрал
қызғанша индикатор жанып тұрады. Индикатор сөнген сәтте – құрал жұмысқа дайын
деген сөз. Жұмысты бастау үшін буды жіберу батырмасына басыңыз. Тазартуды
қажет ететін қабаттың үстінен баяу түрде бумен тазартқышты өткізіңіз (еденді
тазартуға арналған қондырманы немесе домалақ қылшақты пайдалану барысында
бумен тазартқышты тазалануы тиіс қабаттың бетіне мықтап жанастыру қажет).
Жұмыстың жарық индикаторы жанып тұрғанына әркез назар салыңыз!
Егер жарық индикаторы жанып тұрса, сондай-ақ Сіз буды жіберу батырмасына ұзақ
уақыт басып тұру салдарынан бу қысымының төмендеуін сезсеңіз, батырманы
басуды тоқтатыңыз, индикатордың сөнуін күтіңіз, сосын батырмаға қайта басыңыз.
Бу қысымы лезде қалпына келтіріледі, бастапқы қуатқа қол жеткізу үшін 10
секундтың өзі жеткілікті.
4. Бумен тазартқышты қолдануды болған соң оны желіден ажыратыңыз,
құралдың сууын күтіңіз, қақпақты ашып, қалған суды төгіңіз. Абай болыңыз!
Су ыстық болуы мүмкін.
5. Құралды әркез жаңа сумен толтырыңыз.
Құралдың жабдықтарын шолып қарап шығу және пайдалану мақсаты
1. Негізгі тікелей шүмек келесілерді тазартуға арналған:
Қаптауыш, керамикалық тақта, сондай-ақ торабы мықты еден үстілік өзге
қатты жабындар
Сутартқыш шүмек пен сантехника
Ойыншықтар, үстел мен өзге жұмыс қабаттары
Тазалануы қиын жерлер
2. Ұзартқыш түтік тазалануы қиын жерлерді тазартуға арналған.
3. Тоқыма қаптамасы бар шағын-швабра арқылы киім, жұмсақ жиһаз, перде,
төсек орын жабдықтары секілді заттарды бумен жібітіп, тазартуға болады.

Содержание

Скачать