Brayer BR1035 [30/40] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық

Brayer BR1035 [30/40] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық
30 KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА-
ЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдаланар алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электр шайнекті осы нұсқаулықта көрсетілгендей,
тікелей тағайыны бойынша ғана пайдаланыңыз.
Шайнекті дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіру-
ге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы болып
саналмайды.
Шайнек ішуге арналған суды ғана қыздыруға және
қайнатуға тағайындалған, қандай да бір басқа
сұйықтықты қыздыруға немесе қайнатуға тыйым
салынады.
Заттаңбада көрсетілген электр шайнектің жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
Шайнек міндетті түрде жерге қосулы болуы қажет.
Қысқа тұйықталу болған жағдайда, жерге қосу
электр тогы соғу тәуекелін төмендетеді.
Қуаттандыру бауы «евроашамен» жабдықталған;
оны тек сенімді жерге қосылған, электр розеткаға
ғана қосыңыз.
Егер розетканың дұрыс орнатылғанына және жер-
ге қосуына сенімді болмасаңыз, электр маманына
хабарласыңыз.
Өрттің пайда болуын болдырмау үшін қуат сымы-
ның ашасын жерге тұйықталмайтын электр розет-
касына қосуға арналған «жалғастырғышты» пай-
далануға тыйым салынады.
Күйік иісі және от ұшқыны пайда болған кезде,
электр розеткасынан қуат сымының ашасын шыға-
рыңыз және үйіңіздің электр желісіне қызмет көрсе-
тетін ұйымға хабарласыңыз.
Құтыдан немесе шайнек корпусынан түтін шыққан
жағдайда, электр розеткасынан қуат сымының
ашасын шығарыңыз, шайнек қақпағын ашпаңыз,
отты таратпау шараларын қолданыңыз. Шайнекті
тексерту немесе жөндету үшін сервис орталығына
жүгініңіз.
Электр шайнекті үй-жайдан тыс жерде пайдала-
нуға тыйым салынады.
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
Шайнекке бөгде заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Желіге қосулы тұрған, электр шайнекті қараусыз
қалдырмаңыз.
Шайнекті ас үй раковинасына жақын, жуынатын бөл-
меде, бассейндер немесе басқа да су толтырылған
сыйымдылықтарға жақын жерде пайдаланбаңыз.
Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуат сымы-
ның ашасын электр розеткасынан сурыңыз, содан
кейін ғана құрылғыны судан алып шығыңыз. Шай-
некті тексерту немесе жөндету үшін сервис орта-
лығына жүгініңіз.

Похожие устройства

Скачать