Darina PL E326 B Руководство по эксплуатации онлайн [43/69] 796703

Darina PL E326 B Руководство по эксплуатации онлайн [43/69] 796703
42
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар
Аспапты орнату немесе пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз.
Аспап бетіне жанатын материалдарды немесе бұйымдарды қоюға болмайды.
Өтінеміз, осы ақпаратты аспапты құрастыру үшін жауапты тұлғаға дейін
жеткізіңіз, себебі бұл орнатуға қатысты шығындарды төмендетуі мүмкін.
Қауіптің алдын алу үшін аспап осы орнату бойынша нұсқаулыққа сәйкес
орнатылу керек.
Аспапты орнату және оны жерге тұйықтау тек білікті маманмен орындалу
керек.
Айыр фирмалық тақтайшада көрсетілген қуатқа сәйкес келу керек. Розеткада
жерге тұйықтаушы түйіспе болу керек және жеңіл қол жетімділіктегі жерде
орналасу керек.
Аспап қоректену көзінен толық сөндірілуді қамтамасыз ететін ажыратқышы
бар тізбекке жалғану керек.
Аспаптың дұрыс орнатылмауы кепілдіктің жойылуына немесе наразылықтар
бойынша міндеттемелердің жойылуына алып келуі мүмкін.
Пайдалану және қызмет көрсету
Электр тоғына ұшырау қаупі
Сынған немесе зақымдалған пісіру панелінде ас әзірлемеңіз. Егер панель беті
сынса, немесе онда жарықтар пайда болса, дереу аспапты желіден сөндіріп,
білікті маманға жүгініңіз.
Тазарту немесе техникалық қызмет көрсету алдында пісіру панелін желіден
сөндіріңіз.
Осы ұсыныстардың сақталмауы электр тоғына ұшырау немесе өлім
жағдайына алып келуі мүмкін.
Денсаулық үшін қауіп
Осы аспап электрлік-магниттік қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
Ыстық беттер қаупі
Пайдалану кезінде аспаптың қол жетімді бөліктері күйіктер тудыратындай
жеткілікті шамада қатты қызады.
Жарамды ыдыстарды қоспағанда, бет салқындағанға дейін дененің, киімнің,
басқа заттардың шынымен жанасуына жол бермеңіз.
Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар сияқты металл заттар

Содержание

Похожие устройства

Скачать