Darina PL E326 B Руководство по эксплуатации онлайн [49/69] 796703

Darina PL E329 B Руководство по эксплуатации онлайн [49/69] 793516
48
Шыны-керамикалық пісіру панелі пайдаланушыға бейімделген, бұл оның
дизайнында көрініс тапқан. Қауіпсіз және қолданыста қарапайым панель Сіздің
үйіңізге жайлылық қосады және өмірден толық көлемде ләззат алуға мүмкіндік
береді.
Аспапты алғаш пайдалану алдында
«Қауіпсіздік шаралары» бөліміне айрықша назар аударып, осы нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
Пісіру панелінде қалуы мүмкін қорғаныс қабықшасын алып тастаңыз.
Сенсорлық басқару панелін пайдалану
«Батырма» термині ретінде шыны-керамикалық панельге жазылған үзілмелі
сызықпен белгіленген аймақты түсіну керек.
«Батырмаға басу» термині ретінде келесі әрекетті түсіну керек: үзілмелі
сызықпен белгіленген бетке саусақ жастықшасын басып, бірнеше секунд
ұстап тұру.
Басқару органдары жанасуға жауап қатады, күш түсіру қажеттілігі жоқ.
Саусақ ұшын емес, оның жастықшасын пайдаланыңыз.
Сіз басқару жанасуы тіркелген кезде, әркез дыбыстық сигнал естисіз.
Басқару элементтерінің әрқашан таза, құрғақ екендігіне, және ешқандай
заттың (мысалы, ыдыс немесе мата) оларды жауып тұрмағандығына көз
жеткізіңіз. Тіпті судың жұқа қабықшасы басқару элементтерінің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін.
Жарамды ыдысты таңдау
Жиектері тегіс емес және түбі иілген ыдыстарды пайдаланбаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать