Darina PL E326 B Руководство по эксплуатации онлайн [67/69] 796703

Darina PL E329 B Руководство по эксплуатации онлайн [67/69] 793516
66
ОРНАТУ ЖӘНЕ ЖАЛҒАУ
1. Орнату, жалғау үрдістерін пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарына
сәйкес жүргізу керек. Егер осы жұмыстар авторландырылған сервис
орталығының мамандарымен немесе электрлік аспаптарды орнату және қызмет
көрсету құқығына қатысты лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар
қызметкерлерімен жүргізілуі тиіс болса, онда Сізге кепілдік құжатында
көрсетілген телефондар бойынша жергілікті авторландырылған сервис
орталығына, немесе тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ұйымдарға
2. Сәйкес лицензиялары және сертификаттары бар, басқа ұйымдарға немесе
жеке тұлғаларға жүгіну жағдайында, орнатушы деректерінің (фирма, лицензия
, шебердің Т.А.Ә.) кепілдік құжатына енгізілуін талап етіңіз (Сату және орнату
туралы куәлік» бағаны).
3. Бұйымды орнату және жалғау бойынша жұмыстардың төленуі сервис
орталығының прейскуранты бойынша жүргізіледі. Орнату және жалғау
бойынша жұмыстарды төлеу шарттары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
Өндіруші пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес
келмейтін және/немесе өкілетсіз тұлғамен жүргізілген орнату және жалғау
нәтижесінде азаматтар мүлігіне келтірілген кез келген залал үшін қандай да бір
жауапкершілікке тартылмайды.
4. Орнату және жалғау бойынша Өндіруші талаптары бұзылған жағдайда
келтірілген залал үшін жауапкершілік осы жұмысты жүргізген тұлғаға жүктеледі.
КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ келесі жағдайларда жүргізілмейді:
1. Кепілдік құжатында көрсетілген Өндіруші талаптары сақталмаса;
2. Осы бұйымның пайдалану бойынша нұсқаулығында көрсетілген пайдалану
ережелері сақталмаса;
3. Орнату ережелері сақталмаса;
4. Түпнұсқалық кепілдік құжаты болмаған кезде;
5. Кепілдік құжатында келесі мәліметтер болмаған кезде: сату күні, сауда
ұйымының мөртабаны, сатушы қолы, бұйымның үлгісі; және сериялық нөмірі,
бұйымды орнату және жалғау бойынша деректер;
6. Кепілдік құжатының мәтініне кез келген түзетулердің (өзгерістердің) енгізілуі;
7. Өкілетсіз тұлғалармен жөндеу жүргізу, егер осынай жөндеу бұйымның істен
шығуына алып келсе;
8. Бұйымды бөлшектеу, құрылымды өзгерту және нұсқаулықпен
қарастырылмаған басқа араластыру түрлері;
9. Толымдаушы бұйымдарды дұрыс пайдаланбау немесе осы бұйым үшін
жарамсыз толымдаушыларды пайдалану кезінде;
10. Экстремалдық жағдайлармен және еңсерілмейтін күш жағдайларымен (өрт,
дүлей апаттар) тудырылған ақаулықтар және зақымданулар кезінде;
11. Иегермен, көліктік, саудалық немесе сервистік қызметпен ұқыпсыз сақтау
және/немесе ұқыпсыз тасымалдау жағдайында. Осы жағдайда иегерге осы
қызметтерді көрсеткен ұйымға наразылықпен жүгіну керек;
12. Жануарлармен немесе жәндіктермен тудырылған техниканың зақымдануы
(істен шығуы) немесе оның қалыпты жұмысының бұзылуы;
13. Бұйымды параметрлері сәйкес келмейтін желіге қосу;
14. Бұйым ол тағайындалған мақсаттардан тыс пайдаланылса;
15. Ішкі жұмыстық көлемдерге бөгде заттар, тазартқыш құралдар, сұйықтықтар
немесе тағам қалдықтары түскен кезде;
16. Өндіруші келесі ақаулық түрлеріне наразылық қабылдамайды: механикалық
зақымданулар (сызаттар, жарықтар, шытынау, шынының сынуы), химиялық
заттардың әсер етуі нәтижесінде тауарлық көріністің жоғалуы, пайдалану
барысында туындаған термикалық және басқа ұқсас зақымданулар.

Содержание

Похожие устройства

Скачать