Braun ORAL-B iO Series 9 Duo Black [79/110] Ауыспалы саптамалар

Braun ORAL-B iOM9.1A1.1AD White Alabaster [79/110] Ауыспалы саптамалар
79
Тазалау режимдері (модельге байланысты)
Тіс щеткаңыз дисплейде көрсетілген түрлі
режимдерде жұмыс істей алады:
«КÏнделікті тазалау» — күнделікті тазалауға
арналған стандартты режим
«Сезімтал тазалау» — сезімтал аймақтарды
ұқыпты, бірақ мұқият тазалау
«Ðызыл иекке кÏтім кÑрсету» — қызыл
иектерді жеңіл уқалау
«АÈарту» — ерекше жағдайларға немесе
күнделікті пайдалануға арналған тістерді
жылтырату
«ÐарÆынды тазалау» — жоғары тазалық үшін
(жоғарырақ жылдамдықта жұмыс істейді)
«Òте сезімтал тазалау» — әсіресе сезімтал
аймақтарды өте ұқыпты тазалау
«Тілді тазалау» — бір рет немесе күнделікті
тазалауға арналған тілді тазалау
«Тілді тазалау» режимінде жұмыс істегенде
Gentle Care (d) саптамасын пайдалану
ұсынылады. Тілді тіс пастасымен немесе онсыз
тазалай аласыз. Тілдің бүкіл бетін жеңіл
қозғалыстармен жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Ұсынылатын тазалау уақыты — 30 секунд.
30 секундтан кейін мотор тоқтайды.
Режимді орнату:
Әдепкі режимді таңдау үшін тұтқа іске қосылып
тұрғанда (дисплейі қосулы) режим таңдау (8)
түймесін басыңыз. Қосу (7) түймесін басу
арқылы режимді таңдаңыз. Тіс щеткасы әдепкі
бойынша таңдалған режимде жұмыс істей
бастайды. Тазалау кезінде де режимдерді
өзгертуге болады.
Ескерту. Режимді Oral-B қолданбасы арқылы да
таңдауға болады.
Интерактивті дисплей
(10–16) «Режимді таңдау» — режимді таңдау
түймесін басу арқылы режимдерді
ауыстырыңыз. Қосу түймесін басу арқылы
әдепкі бойынша режимді таңдаңыз.
(17) «Реттеулер» — «Реттеулер» опциясына
жеткенше режимдерді ауыстыра беріңіз;
реттеулерге кіру үшін қосу түймесін басыңыз:
-> (19) Bluetooth реттеулерін басқару (қосу,
өшіру)
-> (20) сақина түсін таңдау/өзгерту
-> (21) тілді таңдау/өзгерту
-> (22) зауыттық реттеулерге ысыру
(24) «Таймер» – тазалау ұзақтығын көрсетеді.
(25) «Аккумулятор күйі» – пайдаланудан кейінгі,
зарядтау кезіндегі және аккумулятор
зарядының деңгейі төмен кездегі
аккумулятордың күйін көрсетеді.
(26) «Ауыстыру туралы еске салу» – саптаманы
ауыстыру қажет уақытын еске салады.
(27) «Тазалау нәтижесі» – тазалау нәтижелері
туралы смайл түріндегі ақпарат.
«Щетканы белсендіру»: тұтқаны қолға алғанда,
оны зарядтау станциясынан аласыз немесе
қосу түймесін басасыз, тұтқа жұмысқа дайын
екендігі туралы белгі береді.
«Қателер туралы хабарлар» — «пайдаланудың
оңтайлы емес жағдайлары»: щетканы оңтайлы
емес температурада және/немесе қуат
деңгейінде пайдаланасыз немесе зарядтайсыз.
Ауыспалы саптамалар
Oral-B компаниясы тек Oral-B iO тұтқаларына
жарамды және әрбір тісті сапалы тазалауға
пайдалануға болатын Oral-B iO (c/d)
саптамаларының кең таңдауын ұсынады.
Oral-B iO саптамаларының көпшілігінде
саптаманы ауыстыру уақытын қадағалауға
көмектесетін INDICATOR
®
қылтандары бар.
Күніне екі рет екі минут бойы сапалы тазалаудан
қылтандар үш айдан кейін шамамен жартысына
дейін өңсізденеді, бұл саптаманы ауыстыру
керектігінің белгісі болып табылады. Қылтандар
өңсізденуге дейін мыжылса, бұл тістеріңізге және
қызыл иектерге тым қатты басатыныңызды
білдіруі мүмкін.
Әдетте саптаманы 3 ай сайын ауыстыру
ұсынылады.
Тіс щеткасын смартфонмен
синхрондау
Oral-B қолданбасы iOS немесе Android
операциялық жүйелерінің негізіндегі
смартфондарға қолжетімді. Оны App Store
(SM)
/
Google Play™ дүкенінде жүктеп алуға болады
немесе берілген нұсқаулықтың (i) артқы
жағындағы QR-кодты жай ғана оқыңыз.
Oral-B қолданбасын іске қосыңыз. Ол
Bluetooth арқылы қосылымды реттеуге
көмектеседі. Нұсқауларды қолданбаның
реттеулерінен де табуға болады (Қосымша
-> Тіс щеткаңыз).
Ескерту. Егер смартфоныңызда Bluetooth
арқылы қосылым технологиясы ажыратылған
болса, Oral-B қолданбасының жұмыс мүмкіндігі
91451394_SONOS_M7-9_120x170_EE.indd 7991451394_SONOS_M7-9_120x170_EE.indd 79 31.08.20 08:0831.08.20 08:08

Содержание

Скачать