Roborock Q7 RU Black [25/44] Пайдалану туралы нұсқаулар

Roborock Q7 RU Black [25/44] Пайдалану туралы нұсқаулар
25
Ескертпе: Нүктелі тазалаудан кейін робот автоматты түрде
бастапқы нүктеге қайтады және Күту режиміне кіреді.
Зарядтау
Автоматты түрде: Тазалау процесінен кейін
робот автоматты түрде док станцияға
қайтып, зарядталады.
Қолмен: Роботты қайта док станцияға
жіберу үшін кідірту режимінде
түймесін
басыңыз.
Қуат индикаторының шамы зарядталу
кезінде жыпылықтайды.
Ескертпе: Егер робот док станцияны таба алмай қалса, ол
автоматты түрде бастапқы орнына қайтады. Зарядтау үшін
роботты док станцияға қолмен қойыңыз.
Қате
Робот тазалап жатқанда қате пайда
болса, қуат индикаторы қызыл түсте
жыпылықтайды және дауыстық ескерту
шығады. Шешімдерді «Қателер» бөлімінен
таба аласыз.
Нүктелітазалау
Нүктелі тазалау процесін бастау үшін
түймесін басып, ұстап тұрыңыз. Тазалау
ауқымы: Робот өзінің айналасындағы
1,5 м (4,9 фут) x 1,5 м (4,9 фут) болатын
квадраттық аймақты тазалайды.
Ескертпелер:
Қате шыққан күйде 10 минуттан артық тұрып қалса,
робот автоматты түрде ұйқы режиміне кіреді.
Қатесі шығып тұрған роботты зарядтау док станциясына
қойсаңыз, орындалып жатқан тазалау процесі аяқталады.
Ескертпе: Зарядталып жатқанда роботты өшіру мүмкін емес.
Роботты қосу үшін түймесін басып
тұрыңыз. Қуат индикаторы жанады және
робот күту режиміне кіреді. Роботты өшіру
үшін
түймесін басып тұрыңыз және
тазалау циклін аяқтаңыз.
Пайдалану туралы
нұсқаулар
Қосу/Өшіру
Тазалауды бастау үшін түймесін басыңыз.
Робот бөлмені қалай сканерлегеніне
байланысты тазалау бағытын жоспарлайды.
Ол бөлмегі аймақтарға бөліп, алдымен
аймақтың жиектерімен өтіп шығады,
содан кейін сол аймақты зигзаг бойынша
тазалайды. Осылайша робот барлық
аймақты бір-бірден тазалап шығып, үйді
толығымен тазалайды.
Тазалаудыбастау
1-аймақ – Тазаланды
4-аймақ – Келесі
аймақ
2-аймақ – Тазаланды
3-аймақ
– Орындалуда
Ескертпелер:
Батарея заряды өте төмен болса, тазалау процесі
басталмайды. Тазалау процесін бастамас бұрын, роботты
зарядтап алыңыз.
Егер тазалау процесі 10 минутқа жетпей аяқталса, аймақ
екі рет тазаланады.
Тазалау барысында батарея қуаты азайып қалса, робот
док станцияға автоматты түрде қайтады. Зарядталғаннан
кейін робот тоқтаған жерінен әрі қарай жалғастырады.
Роботтың автоматты түрде шаң сорып, док станцияға
қайтуы үшін, роботты док станциядан іске қосыңыз.
Тазалау кезінде док станцияны жылжытпаңыз.
Ескертпе: Тоқтап тұрған роботты док станцияға қолмен
апарсаңыз, ол тазалау процесін аяқтайды.
Жұмыс істеп тұрғанда роботты тоқтату
үшін кез келген түймені басыңыз.
Тазалауды жалғастыру үшін
түймесін
басыңыз. Роботты қайта док станцияға
қайтарып, ағымдағы тазалауды аяқтау
үшін
түймесін басыңыз.
Кідірту
Егер робот 10 минуттан артық жұмыс
істемей тұрса, ол ұйқы режиміне кіреді
және қуат индикаторы бірнеше секундта
бір рет жыпылықтап тұрады. Ұйқы
режимінен шығару үшін кез келген
түймені басыңыз.
Ұйқырежимі
Ескертпелер:
Робот зарядталып жатқанда, ұйқы режиміне кірмейді.
Робот ұйқы режимінде 12 сағаттан артық қалып кетсе,
автоматты түрде өшіп қалады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать