Polaris PIR 2487AK [26/35] Жұмыс тәртібі

Polaris PIR 2487AK [26/35] Жұмыс тәртібі
26
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Үтікті тік қалпында тірек-табанына орналастырыңыз. Құралды желіге қосыңыз. Сіздің
киіміңіздегі белгіде келтірілген көрсеткішке сәйкес қажетті температуралық режимді
таңдаңыз.
Киімдегі белгі
Матаның түрі
Температура реттегішінің
режимі
Синтетикалық маталар
Төмен температура
Жібек, жүн мата
Орташа температура

Мақта, зығыр маталары
Жоғары температура (MAX)

Үтіктеуге кеңес берілмейді
Егер матаның түрі белгісіз болса, киімді кию барысында көрінбейтін жердің кішкене ғана
бөлігін үтіктеу арқылы үтіктеу температурасын анықтаңыз.
Жылтыр дақтардың пайда болуын алдын алу үшін жібек, жүн және синтетикалық
маталардан тігілген киімдерді кері бетінен үтіктеу қажет.
Бүрмелермен, жапсырмалармен әшекейленген бұйымдарды төмен температурада
үтіктеуге кеңес беріледі.
Барқыт пен жалтыры бар көйлектерді бір бағытта үтіктеу қажет.
Жібектен тігілген киімдерді олар дымқыл күйінде үтіктеуге кеңес беріледі. Үтіктеу
барысында құрғақ жібек матасына суды шашыратпаңыз.
Егер киім матаның бірнеше түрін біріктіретін болса, үтіктеу үшін ең минималды
температураны таңдаңыз.
Суды шашырату функциясын пайдалану барысында киімнің бетінде дақтар пайда болуы
мүмкін. Үтікті қыздыру индикаторы құрал белгіленген температураға дейін қызғаннан кейін
сөнеді.
Ескерту:
Үтіктің толықтай түрде қызуын күтіңіз, содан кейін үтіктеуді бастаңыз.
Буды қолдану арқылы үтіктеу
1. Сауытты сумен толтырыңыз.
Сауытты сумен толтырудың алдында құралды желіден ажыратыңыз.
Буды жіберу деңгейінің реттегішін «Бусыз» қалпына орнатыңыз, болмаса құралдың
табанындағы саңылаудан су ағуы мүмкін.
Ыңғайлылық үшін үтіктің алдыңғы бөлігін көтере отырып, ұқыпты түрде стақан арқылы
сауытты таза, суық сумен толтырыңыз.
Назар аударыңыз!
Үтіктің сауытын су ағатын шүмектің астына қойып, толтырмаңыз.
Сауытта көрсетілген «max» белгісінен суды асыра құймаңыз.
Бұл үтік кермектігі төмен құбырлық суды пайдалану үшін әзірленген.
Егер Сіздің аймағыңызда құбырлық судың кермектігі айтарлықтай төмен болса, оны алдын
ала механикалық сүзгілеуден және тұндырғаннан кейін үтікке құюға болады.
Алайда, Сізде су айтарлықтай кермекті болса, онда біз ½ құбырлық және ½ тазартылған
(минералсыздандырылған) судың қоспасын пайдалануды, немесе үтікте тек қана

Содержание

Скачать