Haier C4F640CWU1 [10/33] Ескерту

Haier C4F740CDBGU1 [10/33] Ескерту
KZ
10
ЕСКЕРТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші ұсынған әдістерді қоспағанда, механикалық аспаптарды немесе ерітуді жеделдетудің басқа әді-
стерін пайдалануға болмайды.
Асппа ішінде жарылыс қаупі бар объектілерді, әсіресе, тұтанатын толтырғышы бар аэрозольды баллондарды жинамаңыз.
Тоңазытқыш ішінде жарықтанумен байланысты әлдебір мәселе туындаған жағдайда, мәселені жою үшін мамандандырылған сер-
вистік қызметпен хабарласыңыз, өз бетінше ауыстыруға жол берілмейді. Тоңазытқышта азық-түлікті сақтау туралы кеңестер
Тоңазытқышқа салғанға дейін ыстық тамақ өнімдері бөлме температурасына дейін суытылуы тиіс.
Тоңазытқышқа салғанға дейін азық-түлікті жуыңыз, тазалаңыз немесе барлықссу тамшыларын кептіріп алыңыз.
Тоңазытқышта сақталатын азық-түлік тұмшаланып жабылған тоңазытқышта сақтауы тиіс. Бұл азық-түліктен ылғалдың булануын,
соның салдарынан олардың бүлінуін болдырмайды.
Сақталатын азық-түлік санаттарға сұрыпталуы тиіс. Күн сайын пайдаланылатын азық-түлік сөренің алдыңғы жағына орналасты-
рылуы тиіс. Бұл есікті ашу кезіндегі қажетсіз әрекеттерді болдырмауға көмектеседі, сондай-ақ егер сіз оларды тамаққа пайдалануды
ұмытып кетсеңіз, жарамдылық мерзімінің бітуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Ішкі пластикті зақымдап алмау үшін, мүмкіндігінше азық-түлікті тоңазытқыш пен мұздатқыштың ішкі қабырғаларынан біршама
алыстау орналастырыңыз.
Тоңазытқышқа шектен тыс азық-түлік салуға болмайды. Азық-түлік арасында кішігірім қашықтық болуы тиіс, мұның өзі салқын
ауаның біртегіс айналуына және жақсы сақтау нәтижелерін алуға көмектеседі.
Ылғал құрамы жоғары азық-түлікті ішкі қабырғаға тигізіп сақтамаңыз. Кері жағдайда азық-түлік қабырғаға жабысып қатып қалуы
мүмкін. Азық-түлікті ішкі қабырғалардан біршама алыстау орналастырыңыз.
Азық-түліктердің (әсіресе, құрамында майы бар өнімдердің) тікелей ішкі пластикпен жуысып тұруына жол бермеңіз, өйткені
майдың кейбір түрлері пластикті зақымдауы мүмкін. Сондықтан майлы лас заттар табылған жағдайда, оларды тазалап алған жөн.
Тоңазытқыш бөлігінде мұзатылған азық-түлікті ерітіңіз. Сіз тоңазытқышта температураны төмендету үшін мұздатылған азық-түлік-
ті пайдалана аласыз, энергияны үнемдеуге ықпал ете аласыз.
Кейбір заттар, мысалы, пияз, сарымсақ, зімбір, су жаңғағы және тамырлы көкөністердің басқа түрлері қалыпты температурада
ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Оларды тоңазытқышта сақтаудың қажеттілігі жоқ.
Тоңазытқышта кәді, қауын, папайя, банан мен ананастардың метаболизмі жеделдеуі мүмкін, сондықтан оларды ол жерде сақтау-
дың қажеті жоқ. Тоңазытқышта белгілі бір уақыт ішінде жасыл жемістерді сақтау олардың пісіп жетілуін жеделдетуі мүмкін.
Ұсақ үлестерге кесілген азық-түліктер тез мұздайды, оларды еріту мен дайындау оңайға соғады. Әр үлестің ұсынылған салмағы
2,5 кг-дан кем.
Мұздату камерасына орналастыру алдында, азық-түлікті жақсылап қаптаңыз. Қаптаманың сыртқы жағы құрғақ болуы тиіс, сон-
дай-ақ қаптамалардың бір-біріне жуысып тұруын болдырмаңыз. Қаптама материалдар иісіз, ауасыз, усыз және уытсыз болуы тиіс.
Тоңазытқышқа шектен тыс балғын азық-түлікті салмаңыз.
Энергияны сақтау туралы кеңестер
Осы аспап тұрмыстық және соған ұқсас жағдайларда пайдалануға арналған:
- дүкен, кеңсе және басқа өндірістік жағдайларда ас үй аймақтарында;
- фермерлік ғимараттарда және қонақ үйлерде, шағын қонақ үйлерде және тұрғын үй түріндегі басқа ин-
фрақұрылымда клиенттердің пайдалнуы үшін;
- пансионда «тұру және таңғы ас» режимі жағдайында;
- қоғамдық тамақтану орындарында және саудамен байланысы жоқ осындай жағдайларда.
Аспапты салқын, құрғақ, жақсы желдетілетін бөлмеге орнатыңыз. Желдету саңылауларын жаппаңыз.
Ешқашан аспапта ешбір желдету саңылауларын бөгемеңіз.
Тоңазытқышқа азық-түлік салғанда немесе оларды алғанда, аспаптың есігін тым ұзақ ашып тұрмаңыз. Есік ашылатын уақыт неғұр-
лым қысқа болса, мұздату камерасында соғұрлым мұз аз қалыптасады.
Температураны қажетті белгіден төмен етіп орнатпаңыз.
Тоңазытқыштың негізінде және оның бүйір қабырғаларында ауаның бұрылуына жеткілікті орынды қамтамасыз етіңіз.
Орнату кезінде, оң жағынан, сол жағынан, артынан және үстінен кеңістік қалдырыңыз. Бұл энергияның тұтылуын қысқартуға және
электр есебінен сіздің шотыңызды азайтуға көмектеседі. Азық-түлік өнімдерін шамадан тыс сақтамаңыз. Азық-түліктің арасында
кішігірім қашықтық болуы тиіс. Бұл салқын ауаның біртегіс өтуіне және жақсы сақтау нәтижелерін алуға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Сипаты
Бұл схема сіз сатып алған тоңазытқыштың жинақтамасынан біршама ерекшеленуі мүмкін.
Орналастыру орны
Монтаждау ережелері мен шарттары:
Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түспейтін, тоңазытқыштың есіктерін оңай және ыңғайлы ашуға болатын тегіс және қатты жерге
орнату керек. Егер тоңазытқыш тегіс емес жерге қойылса, тіреуіш ретінде біркелкі, берік және отқа төзімді материалдарды пайдалану
керек. Тоңазытқыш сәл тұрақсыз болса, реттелетін тоңазытқыш аяқтарын сағат тілімен немесе сағат тіліне қарсы бұру арқылы ұзартуға
немесе қысқартуға болады.
Дұрыс жұмыс істеуі үшін тоңазытқыш аздап артқа еңкейтілген - дизайн ерекшелігі.
1) LED жарықтандыру реңктері
2) T.ABT
3) шарап сөрелеріне арналған сөре
4) ортақ сөрелер
5) жиналмалы сөре
6) көкөністер мен жемістер салынған жәшіктерге
арналған сөре
7) жемістер мен көкөністерге арналған қораптар
8) «менің аймағым»шыны қақпағы
9) «менің аймағым»қорабы
10) жоғарғы бөтелке ұстағыш
11) үлкен бөтелке ұстағыш
12) Көп функциялы бөтелке ұстағыш
13) мұздатқыш қораптар
14) FreshTurbo ультракүлгін стерилизациясы
15) тоңазытқыштың жарықдиодты шамы
16) көкөністер мен жемістерге арналған қораптың
қақпағы
17) температурамен реттелетін тартпаның қақпағы
18) мұздатқыш қораптар
*C4F640*/A4F639* *C4F640*/C4F740*
*C4F740*/A4F739* *A4F639*/A4F739*

Содержание

Скачать