Haier C4F640CWU1 [9/33] Бұйымды қаптау мен кәдеге жарату

Haier C4F740CDBGU1 [9/33] Бұйымды қаптау мен кәдеге жарату
KZ
9
ЕСКЕРТУ
БҰЙЫМДЫ ҚАПТАУ МЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Кәдеге жарату
Егер сіздің ескі тоңазытқышыңызды бұдан әрі пайдалану мүмкін болмаса, сіз қоршаған ортаға зиян
келтірмейтіндей етіп тоңазытқышты тастағыңыз келсе, тоңазытқышты дұрыс кәдеге жарату керек. Қосымша ақпарат
алу үшін жергілікті коммуналды қызметтерге жүгініңіз. Егер тоңазытқыш кәдеге жаратуға арналса, онда электр
қорегінің бауын мүмкіндігінше корпусқа жақын етіп кесіңіз, тоңазытқыштың есігін, тоңазытқышты басқа пайдалану
мүмкін болмауы үшін, нығыздауыш резеңкені және сөрелерді алып тастаңыз. Тоңазытқыштың суыту жүйесін зақымдап
алмауға тырысыңыз. Кәдеге жарату кезінде жалпы еңбекті қорғау ережелерін және қауіпсіздік техникасын басшылыққа
алыңыз. Осы бұйымды кәдеге жарату туралы қосымша ақпарат алу үшін, өз қалаңыздағы компанияның кеңсесімен,
қалдықтарды жоюмен айналысатын коммуналдық қызмтпен немесе бұйымды сатып алған дүкенмен хабарласыңыз.
Аспапты бірінші рет пайдаланар алдында
Болжалды пайдалану: Осы аспап құрғақ, жабық тұрмыстық жағдайларда ғана пайдалану үшін құрастырылған. Басқа түрде пайдала-
ну тиісті дәрежеде пайдаланбау болып табылады, жарақатқа әкелуі мүмкін, бұл әрекеттер үшін өндіруші жауап бермейді.
Не істеуге болады ...
Штепсельдік айырдың тоңазытқыштың астындағы кеңістікте шектелмеуіне көз жеткізіңіз.
Тоңазытқышты өшіру және қосу кезінде, кабельді емес, айырды ұстап тұрыңыз.
Электрқорек бауын басып кетпеуді және тоңазытқышты жылжытқан кезде, оны зақымдап алмауды ойластырыңыз.
Штепсельдік айырдың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз, егер зақымдалса, мүмкіндігінше, электрдің берілуін ажыратып, оны
ұқыпты түрде өшіріңіз, сондай-ақ оны ауыстыру үшін авторланған сервистік орталықтың маманымен кеңесіңіз.
Тоңазытқыштың жанында газ немесе басқа тұтанатын газ жылыстауының болмауына көз жеткізіңіз. Жылыстау болған жағдайда,
газдың жылыстауын тоқтату үшін клапанды өшіріңіз; есік пен терезелерді ашыңыз, тоңазытқыштың немесе кез келген басқа аспаптың
электр қорек бауларын қоспаңыз және ажыратпаңыз.
Тазалау мен қызмет көрсету үшін тоңазытқышты желіден ажыратыңыз.
Есіктерді тұтқасынан ұтап ашыңыз, есіктердің арасындағы қашықтық өте тар болуы мүмкін екендігіне назар аударыңыз, сау-
сақтардың қысылып қалуына жол бермеңіз.
Тоңазытқышты өшірген соң, қайта қосқанға дейін кемінде 5 минутқа қалдырыңыз, өйткені жиі қайта қосу компрессорды зақымда-
уы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспаптың корпусыда немесе орнатылған конструкцияда орналасқан желдету саңылауларын бөгемеңіз.
Тоңазытқышты кәдеге жарату кезінде, балалардың кездейсоқ қамалып қалуын болдырмау үшін, тоңазытқыштың есіктерін, есік
нығыздауыштары мен сөрелерін алып тастап, оларды тиісті орынға қойыңыз.
Осы аспапты егер ересектер бақылайтын болса немесе аспапты қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулық беретін және ілеспе
қауіптерді түсінетін болса, тәжірибесі мен білімі болмаған жағдайда, 8 жастан асқан балалар мен дене, сенсорлық немесе ментальды
қабілеттері шектелген адамдар пайдалана алады. Балаларға осы аспаппен ойнауға болмайды. Ересектер тарапынан бақылау болмаса,
балалардың тазалауына және пайдаланушылық қызметті көрсетуіне болмайды.
Тоңазытқыш жақсы желдетілетін жерде орналасуы тиіс. Тоңазытқыштың үстінде кемінде 20 см және айналасында 15 см кеңістік-
тің болуына көз жеткізіңіз.
Аспап пен газ құбырының ең аз рұқсат етілген қашықтығы 15 см, жуысуына жол берілмейді.
Аспап штепселдік айыр қолжетімділікте тұратындай етіп орналасуы тиіс.
Не істеуге болмайды ...
Тоңазытқыш 220–240 Вт айнымалы ток/50 Гц электр желісінде жұмыс істейді. Кернеу дұрыс болмағанда, тоңазытқыш іске қо-
сылмауы, температураны реттеуіштің, компрессордың зақымдалуы, компрессор жұмыс істеп тұрған кезде қалыптас тыс шу туындауы
мүмкін. Қажет болған жағдайда, автоматты кернеу тұрақтандырғышты орнатыңыз.
Тоңазытқышты сенімді етіп жерге тұйықталатын арнайы розеткамен жабдықтау қажет. Тоңазытқыштың күш беретін кабелі стан-
дартты 3 тарамдық (жерге тұйықталған) розеткаға лайық келетін 3 тарамдық (жерге тұйықталған) штепсельдік айырмен жабдықталған.
Ешқашан 3-ші түйісуді (жерге тұйықтау) кеспеңіз немесе бөлшектемеңіз. Тоңазытқышты орнатқан соң, айыр қолжетімді жерде қалуы
тиіс.
Тоңазытқыш ішінде ешқашан оңай тұтанатын, жарылысқа қауіпті немесе тоттану-белсенді материалдарды сақтамаңыз.
Тоңазытқышта дәрі-дәрмектерді, бактериологиялық немесе химиялық заттарды сақтамаңыз. Осы тоңазытқыш тұрмыстық аспап
болып табылады. Оның ішінде қатаң температуралық жағдайда сақтауды қажет ететін материалдарды салуға болмайды.
Өрт пайда болмауы үшін, тоңазытқышқа тікелей жақын жерде бензинді немесе оңай тұтанатын басқа заттарды сақтамаңыз және
пайдаланбаңыз.
Үстіне заттардың құлап түсуінен дене зақымдарын алмау үшін, тұрақсыз заттарды (ауыр объектілер, ішінде сұйықтығы бар контей-
нерлер) тоңазытқыштың үстіңгі бөлігіне салмаңыз.
Есікке немесе бөтелке ұстағышқа асылып тұрмаңыз. Есік тік қалпынан жылжып кетуі мүмкін, бөтелке ұстағыш жұлынып түсуі
немесе тоңазытқыштың аударылып кетуі мүмкін.
Азық-түлік пен сусындарды толтыру және шығару кезінде, мұздату камерасының есігін, сөрелерді немесе оның корпусын аяқпен
баспаңыз.
Мұздату камерасы жұмыс істеп тұрған кезде, оның ішкі бетіне ылғал қолыңызды тигізбеңіз, өйткені сіздің қолдарыңыз бетіне
жабысып қалуы мүмкін.
Тоңазытқыштың электрлк оқшаулауын сақтауды қамтамасыз ету үшін, тоңазытқышқа су шашпаңыз және сумен жумаңыз, тоңа-
зытқышты ылғал жерге немесе үстіне су төгілетін жерге орналастырмаңыз. Су шашырандылары мен дақтарды
жұмсақ таза матамен тазалаңыз және кептіріп алыңыз.
Тоңазытқышқа жөндеу жүргізуді, бөлшектеу мен өзгерістер енгізуді мамандандырылған сервистік орта-
лықтың маманы жүргізуі тиіс.
Тоңазытқыштың кез келген бірден немесе өрескел қозғалуы суыту құбырларын зақымдауы мүмкін. Нәти-
жесі меншік мүлкін жоғалтуға немесе дене жарақатын алуға әкелуі мүмкін.
Сәбилердің немесе балалардың мұздату камерасының жәшіктеріне кіріп алуына жол бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші ұсынған аспаптарды қоспағанда, азық-түлік сақтауға арналған бөлім-
дердің ішінде электр аспаптарын пайдалануға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйе құрамында жоғары қысымды хладагент бар. Жүйені ашпаңыз. Қызмет көрсе-
туді мамандандырылған сервистік орталықтың мамандары ғана жүргізеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хладагент сұлбасын зақымдауға жол бермеңіз.
Тоңазытқыштың ішкі бөлігін кептіріп алу үшін, шаш кептіруге арналған фенді пайдаланбаңыз. Иісті кетіру
үшін тоңазытқыш ішінде жағылған шамды орналастырмаңыз.
Аспаптың ешбір бетіне инсектицидтер сияқты ұшатын субстанцияларды тозаңдатпаңыз.
Есіктің жылжу радиусы шегінде балалар жоқ кезде ғана тоңазытқыштың есіктерін ашыңыз немесе жабыңыз.
Егер қауіпсіздік үшін жауапты тұлға аспапты пайдалануды бақыламаса және ол туралы нұсқаулық бермесе, осы аспапты дене,
сенсорлық немесе ментальдық мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса алғанда) пай-
далануына арналмаған.
Компрессордың едәуір ұзақ жұмыс істеуін немесе азық-түліктердің қлап түсуін болдырмау үшін, тоңазыту камерасында тым көп
азық-түлікті сақтамаңыз. Жәшіктерді жүктеу желісінен асыруға болмайды. Азық-түліктің жалпы салмағы 30 кг аспауы тиіс. Азық-түліктің
еденге түсіп қалуын болдырмау үшін, мұздатқыштың жәшігін тым қатты немесе қиялатып ашпаңыз.

Содержание

Скачать