Elica CIAK 2.0 S GR/A/60 [72/116] Техникалық қызмет көрсету ескертулер көмір сүзгі 1

Elica CIAK 2.0 GR/A/60 [72/116] Техникалық қызмет көрсету ескертулер көмір сүзгі 1
Көмір сүзгі (тек сүзгілі нұсқа үшін): Картриджді кемінде төрт айда бір рет ауыстыру қажет. Оны жууға
немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ. Суреттер бөлімінде көрсетілгендей: майға қарсы сүзгілерді алып
тастаңыз, екі жағына көмір сүзгісін салып, оны өнімге бекітіңіз. Майға қарсы сүзгілерді орындарына қайта
орнатыңыз.
Көмір сүзгісі тамақ пісіру кезінде пайда болатын жағымсыз иістерді ұстап қалады. Ұзақ уақыт қолданғаннан
кейін көмір сүзгі иістерге қанығуы мүмкін, бұл пісірілетін тамақ түріне және май сүзгісінің майдан қаншалықты
жиі тазаланатынына байланысты.
Жарықтандыру жүйесі : Жарықтандыру жүйесін пайдаланушы ауыстыра алмайды, егер ол жұмыс істемесе,
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жарықтандыру жүйесі ДИОДШАМДАРҒА негізделген. Диодшамдар оңтайлы жарықтандыруды қамтамасыз
етеді, қарапайым шамдарға қарағанда 10 есе ұзақ қызмет етеді және электр энергиясының 90% үнемдейді.
Шамды ауыстыру : Өнімді электрлік қуат көзінен ажыратыңыз. Ескеріңіз! Шамдарды ұстамас бұрын, оның
салқындағанына көз жеткізіңіз. Пайдаланылатын шам түрін таңдау үшін Суреттер бөліміндегі нұсқауларды
қараңыз.
ПАЙДАЛАНУ
T3T1
T2
T5
T4
T1= Моторды ӨШІРУ
T2= 1-жылдамдық
T3= 2-жылдамдық
T4= 3-жылдамдық
T5= Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ.
МЕРЗІМ СОҢЫНДА ТАСТАУ
Бұл құрылғы Қолданылған электрондық және электрлік құрылғыларға (WEEE) қатысты 2012/19/EC - UK
SI 2013 №.3113 Еуропалық Директивасына сай таңбаланған. Осы өнімді тастауды тиісті түрде
орындаңыз. Осылайша пайдаланушы қоршаған орта мен денсаулыққа жағымсыз салдардың алдын
алуға көмектеседі.
Өнімдегі не ілеспе құжаттардағы осы таңба бұл өнімнің тұрмыстық қалдықпен бірге тасталмай, электр және
электрондық жабдықтарды қайта пайдалану үшін тиісті жинау пункттеріне жіберілуі керектігін білдіреді. Оны
жергілікті қоқыс тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз. Бұл өнімді пайдалану, қалпын келтіру және қалпына
келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау
қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ ҰСЫНЫСТАРЫ
Қоршаған ортаға келетін әсерді азайту үшін дұрыс пайдалану нұсқаулары: Тамақ пісіруді бастаған кезде
құрылғыны ең аз жылдамдыққа қосу керек және оны пісіру аяқталғаннан кейін де бірнеше минутқа қосулы күйде
қалдырыңыз. Жылдамдықты тек түтін мен бу көп болса ғана, шұғыл жағдайларда ғана Тездету (Booster)
функциясы арқылы арттырыңыз. Иісті азайту жүйесінің тиімді жұмысын сақтау үшін, көмір сүзгісін(лерін) қажет
болғанда ауыстырып тұрыңыз. Май сүзгісі жақсы жұмыс істеуі үшін оны қажетінше тазалап тұрыңыз. Тиімділікті
арттырып, шуды азайту үшін, осы нұсқаулықта көрсетілген максималды құбыр диаметрін пайдаланыңыз.
ЕРЕЖЕЛЕР
Бұл құрылғы мына қауіпсіздік стандартының ережелеріне сәйкес жасалды, сыналды және өндірілді: EN/IEC
60335-1; EN/IEC 60335-2- 31, EN/IEC 62233. Өнімділігі: EN/IEC 61591; ISO 5167-1; ISO 5167-3; ISO 5168; EN/IEC
60704-1; EN/IEC 60704-2-13;EN/IEC 60704-3; ISO 3741; EN 50564; IEC 62301. ЭМҮ: EN 55014-1; CISPR 14-1; EN
55014-2; CISPR 14-2; EN/IEC 61000-3-2; EN/IEC 61000-3-3.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
: осы таңбамен белгіленген бөлшектерді мамандандырылған дилерлерден бөлек сатып алуға болады.
71

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения