Era Б0054074 [4/8] Бұйым туралы мәліметтер

Era без ДУ SPB-6-Slim 4-36-4K 36Вт 4000K, Б0054083 [4/8] Бұйым туралы мәліметтер
4. БҰЙЫМДЫ ҚОСУ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ
4.1. Қауіпсіздік талаптары.
Назар аударыңыз! Шырақты монтаждауды немесе бөлшектеуді желі кернеуі өшірілген жағдайда ғана жүргізу керек.
Сым мен ток жүретін бөлшектердің оқшаулануы зақымдалған шырақты пайдалануға тыйым салынады.
Шырақты тазалау үшін жұмсақ құрғақ матаны пайдалану керек.
Шырақты тазалау үшін химиялық белсенді және агрессивті тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз.
Шырақты өз бетінше жөндеуге тыйым салынады.
4.2. Бұйымды жұмысқа дайындау.
Шырақтың қаптамасын ашып, корпустың, шашыратқыштың және сымдардың зақымдарының жоқтығына көз жеткізіңіз.
4.3. Шырақты монтаждау.
Шырақтың конструкциясы оны бөлменің төбесіне және қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді. Орнату үшін корпусты ашу керек: бұл үшін сағат
тіліне қарсы негізге қатысты шашыратқышты бұру қажет. Желілік сымдарды қосу түстердің таңбасына сәйкес тез қысылатын клеммник
-
тердің көмегімен іске асырылады: қоңыр – 220В фаза (L), көк – бейтарап 220В (N), сары-жасыл – қорғаныштық жерге тұйықтау (PE). Сымдар-
ды қосқан соң, корпусты жауып, шашыратқышты орнатып, оны сағат тілі бойынша бұру қажет.
5. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жарық көзі ретінде шырақта жарық шығаратын, ауыстыруды қажет етпейтін диодтар орнатылған.
Шырақты тазалау үшін жұмсақ құрғақ матаны пайдалану керек. Шырақты тазалау үшін химиялық белсенді және агрессивті тазартқыш
заттарды пайдалануға болмайды.
Шырақты өз бетінше жөндеуге болмайды.
6. ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Бұйымды тасымалдау мен сақтау механикалық зақымдардан және атмосфералық жауын-шашындардан сақтандыру шараларын сақтай
отырып, қаптамада жүргізілуі тиіс.
7. ЖОЮБ
ұйымды өткізілген аумақтың заңнамасының талаптарына сәйкес жою қажет.
8. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
8.1. Шырақты пайдаланудың кепілдік мерзімі осы нұсқаулықта жазылған пайдалану шарттарын сақтаған жағдайда, сатылған күнінен бастап
24 айды құрайды.
8.2. Шырақты қайтару/ауыстыруды тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамада белгіленген мерзімде және негізде тұтынушыға
тауарды сатқан бөлшек сатушы іске асырады.
8.3.Шырақты қайтару/ауыстыру механикалық зақымдарсыз және толық жиынтықталым жағдайында іске асырылады.
9. ЫҚТИМАЛ АҚАУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ
Назар аударыңыз! Бұйымның ықтимал ақауларын жоюмен байланысты барлық жұмыстар желі қорегі өшірілген кезде
іске асырылуы тиіс!
Шырақ жұмыс істемейді
- 220В желілк қорек кернеуінің бар екенін тексеріңіз
- барлық сымдардың тұтастығына және олардың оқшаулануына көз
жеткізіңіз
- барлық қосылыстардың тұтастығына көз жеткізіңіз
Егер осы тәсілдер Сізге көмектеспесе, ақауды түзету үшін білікті маманның көмегіне жүгініңіз.
10. БҰЙЫМ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Бұйым атауы Шырақ
Бұйым түрі Тұрмыстық жарықдиодтық
Бұйымның моделі
SPB-6
Тауар белгісі «ЭРА»
Дайындаушы ел Қытай
Дайындаушының атауы АТЛ Бизнес (ШэньчЖэнь) КО., ЛТД
Дайындаушының мекенжайы
ӨХР, 518054, Шэньчжэнь, Наньшань Дистрикт, Чуанъе көшесі, Нос Баоличэн
Билдинг, 901 бөлме
Дайындаушымен байланысуға арналған ақпарат atl_company@163.com
Импорттаушы:
Импорттаушы туралы ақпарат жеке қаптамада орналасқан заттаңбада
көрсетілген.
Нормативтік құжаттарға сәйкестігі
Бұйым талаптарға сәйкес келеді
КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы»,
КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігі»
Дайындалған күні:

Содержание

Похожие устройства

Скачать