Haier HUF90RU Руководство по эксплуатации онлайн [18/38] 799569

Haier HUF90RU Руководство по эксплуатации онлайн [18/38] 799569
8 9
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу жəне сақтау гигиенасын қамтамасыз ету үшін мынадай
нұсқаулар мен ұсынымдар келтіріледі.
1. Бұйым балғын өнімдер мен сусындарды қысқа мерзім бойы сақтауға арналған.
2. Дайындалған ыдыстарды саңылаусыз жабық контейнерде сақтап, алынбалы сөреде
жақсы орналастырған жөн.
3. Шикі етті төменгі сөреде пластикалық пакеттерде сақтау керек. Ластануды болдырмас
үшін шикі еттің пісірілген тағаммен жанасуына жол бермеңіз. Қауіпсіздік мақсатында,
шикі етті мұздатқышта 2-3 күн ғана сақтаңыз.
4. Сөрелер артқы тіректермен жəне бөтелкелерді сақтауға арналған айналмалы
құрылғылармен жабдықталған. Реттеу кезінде ойықтарды тазарту үшін сөрені көтеріңіз.
5. Сөрені еңкейту үшін оның артқы жағын сөренің алдыңғы жағынан бір деңгейге төмен
қойыңыз. Көлбеу сөрені алып тастау үшін алдымен артқы жағын ойықтардан
босатыңыз, содан кейін оны тартып шығарыңыз.
6. Сақтау кезінде тамақ өнімдері қапталған, оралған немесе жабылған болуы керек.
Мұздатқышқа ыстық өнімдер мен сусындарды салмас бұрын, оларды салқындатып алу
керек. Мұздатқышта жарылыс қаупі бар заттарды сақтауға жол берілмейді. Күшті
спиртті ішімдіктерді тұмшаланған контейнерлерде тік күйінде сақтау керек.
Консервіленген өнімдердің қалдықтары түпнұсқа банкаларда сақталмауы керек.
7. Кейбір жемістер мен көкөністер шамамен 0 °C температурада сақталған жағдайда
бүлінуі мүмкін. Сондықтан ананас, қауын, қияр, қызанақ сияқты жəне ұқсас өнімдерді
полиэтиленді пакеттерге салу керек.
8. Сөрелер, сталлаждар, балғын өнімдерге арналған контейнерлер, сүт өнімдеріне
арналған бөлімшелер, бөтелкелерге арналған жəшіктер мен контейнерлер алмалы-
салмалы болып саналады.
МҰЗДАТҚЫШ ҚҰРЫЛЫСЫ
1. Мұздатылған өнімдерді сақтауға арналған жəшіктер
2. Термостатты реттегіш тұтқа
ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ РЕТТЕУ
Жұмыс температурасы термостатпен бақыланады (схеманы қараңыз).
Қолжетімді мəндер 1-ден 5-ке дейінгі аралықта, ал 5 мəні ең суық режимге
сəйкес келеді. Бұйымды бірінші рет қосқан кезде термостат 24 сағаттан кейін
мұздатқыштағы орташа температура -18 °C-тан аспайтындай етіп реттелуі
керек.
Термостатты 1 мен 5 арасындағы жайғасымға орнатып, қажетті температураны
алуды қадағалау ұсынылады, яғни мұздатқыштағы температура мəні тым
төмен болса, белгіленген режимді азайту керек жəне керісінше. Мұздатқыштың
кейбір бөлімшелеріндегі температура жоғары немесе төмен болуы мүмкін,
бірақ бұл қалыпты жағдай.

Содержание

Похожие устройства