Haier HUF90RU Руководство по эксплуатации онлайн [19/38] 799569

Haier HUF90RU Руководство по эксплуатации онлайн [19/38] 799569
10 11
ҚОСУ
Қосу алдында тексеру
Мұздатқышты қолданар алдында төмендегі тексерулерді орындаңыз.
1. Мұздатқышты мінсіз туралау үшін аяқтарды реттеу керек.
2. Ішінде ылғал болмауы керек жəне еркін ауа айналымы қамтамасыз етілуі керек.
3. Ішкі беттерді «Күтім көрсету жəне тазалау» бөліміндегі ұсыныстарға сəйкес
тазалаңыз.
4. Қуат ашасын розеткаға салып, электр қуат көзін қосыңыз. Есік ашық болған кезде ішкі
көмескі жарығы қосылуы керек.
5. Компрессорды іске қосқан кезде естілетін шу болуы тиіс. Салқындату жүйесіндегі
сұйықтық пен газдар компрессордың жұмыс істейтініне немесе жұмыс істемейтініне
қарамастан шу шығаруы мүмкін, бірақ бұл қалыпты жағдай.
6. Термостат тұтқасын 3 (үш) күйіне орнатып, бұйымның қажетті сақтау температурасын
ұстап тұру үшін температураны бақылау ұсынылады («Температураны бақылау жəне
реттеу» бөлімін қараңыз).
7. Бұйымды қосқаннан кейін өнімдерді бірден жүктемеңіз. Қажетті сақтау
температурасына жеткенше күтіңіз. Температураны нақты термометрмен тексеру
ұсынылады («Температураны бақылау жəне реттеу» бөлімін қараңыз) МАҢЫЗДЫ!
Артқы қабырғада мұздың пайда болуы қалыпты жағдай («Еріту» бөлімін қараңыз).
ЕРІТУ
Еріту — мұз, аяз жəне су жинауға арналған арнайы сұйыққойманың болуы арқасында
қарапайым процесс болып саналады. Еріту жылына екі рет немесе қалыңдығы шамамен
7 мм (1/4 дюйм) қырау қабаты пайда болған кезде жүргізілуі керек. Ерітудің алдында
қуат көзі ашасын розеткадан алып, бұйымды желіден ажыратыңыз.
Барлық өнімдерді қағаздың бірнеше қабатына орап, салқын жерде сақтау керек
(мысалы, мұздатқышта немесе қоймада).
Мұздату бөлімшесінен барлық жəшіктерді алып шығарыңыз. Еріту процесін тездету үшін
мұздату бөлімшесінің ішіне жылы суы бар ыдысты ақырын салып қоюға болады. Еріту
үшін шаш кептіргіштерін, электр жылытқыштарын немесе басқа да ұқсас электрлік
құралдарды пайдаланбаңыз.
Еріту аяқталғаннан кейін ысқыштың көмегімен мұздату бөлімшесінің түбінде жиналып
қалатын барлық суды сіңіріп тастаңыз жəне ішкі беттерді жақсылап құрғатыңыз. Қуат
ашасын қуат көзі розеткасына салыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
** Тазалау алдында бұйымды желіден ажырату жəне қуат ашасын розеткадан суырып
алу ұсынылады.
** Бұйымды тазарту үшін ешқашан өткір немесе абразивті құралдарды, сабынды,
тұрмыстық тазартқыш құралдарды жəне балауыздық жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз.
** Мұздатқыштың корпусын тазарту үшін жылы суды қолданыңыз жəне оны құрғатып
сүртіңіз.
** Мұздатқыштың ішкі беттерін тазарту үшін шүберекті ерітіндіге батырыңыз (бір пинта
суға бір шай қасық ас содасы), содан кейін оларды құрғатып сүртіңіз.
** Судың термостатқа түсуіне жол бермеңіз.
** Егер мұздатқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, оны өшіріңіз, барлық өнімдерді
алыңыз, оны таза күйде қалдырыңыз жəне есіктерін ашып қойыңыз.
** Есіктердегі тығыздауыштарын əрдайым тексеріп отырыңыз. Олар таза, тамақ
бөлшектерінсіз болуы керек.
** Келесіге рұқсат етілмейді:
1. Мұздатқышты температурасы жоғары жерлерде орнатуға.
2. Мұздатқышты тазарту үшін қатты материалды қолдануға.

Содержание

Похожие устройства