Galaxy Line GL6198 [23/30] Техникалық қызмет көрсету

Galaxy Line GL6198 [23/30] Техникалық қызмет көрсету
KAZ
23
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: саптаманы корпусқа жұмыс уақытында күйіп қа-
луларға жол бермеу үшін кигізбеңіз! Құралды суытыңыз.
7.3 Электр құралын желіге қосыңыз. Құралды іске қосу үшін « » баты-
рмасын басыңыз.
7.4 Құралдың қызу уақыты 45 секундты құрайды.
Ескерту: Егер қыздыру кезінде саңылаулардан бу немесе су шықса, бу
берудің сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз, ажырату үшін бу беру батырмасын
бір рет басу қажет.
Қызу уақытында индикатор жанып-сөніп тұратын болады, индикатор
тұрақты жанып тұрса, бұл құралдың пайдалануға дайын екендігін білдіреді.
7.5 Буландыру процесін іске қосу үшін буды беру батырмасын басыңыз.
Егер жұмыс процесінде құралды қою қажет болса, буды беру батырмасын
тағы бір рет басыңыз, сонда бу беру тоқтатылады.
7.6 Құралды электр желісінен толықтай ажырату үшін ажыратқышты басу
және ұстап тұру, сосын қуат беруші баусымның ашасын розеткіден шығару
керек.
Назар аударыңыз! Егер суға арналған контейнерге үстеп су құю қажет
болса, құралды электр желісінен толықтай ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: құралды ажыратудан кейін бу біраз уақыттан кейін
саңылаулардан шығуы мүмкін.
7.7 Автоажыратылу атқарымы
Осы құралда автоматты сөндіру атқарымы қарастырылған. Егер құрал
шамамен 8 минут қолданылмаса, онда ол автоматты түрде күту режиміне
өтеді.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
8.2 Қақтардың пайда болуын болдырмау үшін алдын-ала тазалану кезеңінен
өткен суды (сүзілген суды) қолдану ұсынылады.
8.3 Контейнерден су қалдықтарын әрдайым кетіріп отырыңыз.
8.4 Құралдың бетіндегі қақты және басқа да ластануларды дымқыл
шүберектің көмегімен кетіруге болады. Құралды тазалау үшін бедерін және
электр құралының корпусын бүлдіре алатын қажағышты тазалау құралдарын
және басқа да химиялық заттарды қолданбаңыз.
8.5 Өзін-өзі тазарту атқарымы
Контейнерді максималды белгіге дейін толтырыңыз. Құралды электр желісіне
қосыңыз және оны ыдыстың немесе шұңғылшаның үстіне орналастырыңыз.
Ажыратқышты басыңыз және 5 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Қуат беру
индикаторы тез жанып-сөнуді бастайды және құрал өзін-өзі тазартуды
бастайды. Саңылаулардан су ағатын болады, бұл қалыпты құбылысы.
Тазалау процесін өздігінен тоқтату үшін, ажыратқышты басыңыз және ұстап
тұрыңыз. Құралды электр желісінен ажыратыңыз және оны суытыңыз.

Содержание

Скачать