Hisense BIM325GI63DBG Руководство по эксплуатации онлайн [109/120] 800481

Hisense BIM325GI63DBG Руководство по эксплуатации онлайн [109/120] 800481
9. Балалардан
қорғайтын блоктау
Балалардан қорғайтын блоктауды қосу
Күту режимінде «Үзіліс/Стоп» батырмасын басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз, балалардан қорғайтын блоктау қосылады. Дисплейде
немесе ағымдағы уақыт және балалардан қорғайтын блоктау
индикаторы көрсетіледі.
Балалардан қорғайтын блоктауды өшіру
Блоктау режимінде «Үзіліс/Стоп» батырмасын басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз, балалардан қорғайтын блоктау өшеді.
10. Дайындау кезіндегі
ақпарат
1) «Қысқа толқындар», «Гриль» немесе «Аралас дайындау»
режимдерінің жұмысы кезінде «Қысқа толқындар» немесе
«Гриль/Комби» батырмасын басқан кезде дисплейде 3 секунд бойы
қуаттың ағымдағы деңгейі көрсетіледі.
2) Егер сағатты орнатқан болсаңыз, «Оятқыш/Сағат» батырмасын
басқан кезде дайындау барысында дисплейде 3 секундқа ағымдағы
уақыт көрсетіледі.
11. ЕСО режимі
ЕСО режимін қосу
Күту режимінде «Үзіліс/Стоп» батырмасын басыңыз, энергияны
үнемдейтін режим қосылады. Дисплей сөнеді.
ЕСО режимінен шығу
ЕСО режимінде кез келген батырманы басыңыз және энергияны
үнемдейтін режим өшеді.
12. Aquaclean
функциясы
Aquaclean функциясын қосу
Күту режимінде «Қысқа толқындар» батырмасын басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз, Aquaclean функциясы қосылады.
Ыдысқа 200 миллилитр су құйып, пешке салыңыз. Aquaclean
функциясын іске қосу үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын
басыңыз. Aquaclean функциясы қысқа толқындардың 900 Ватт
қуатымен 5 минут бойы жұмыс жасайды. Функция параметрлерін
өзгерту мүмкін емес.
13. «Дыбыссыз»
режимі
«Дыбыссыз» режимін қосу
Күту режимінде «Оятқыш/Сағат» батырмасын басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз. Ұзаққа созылатын дыбысты сигнал беріледі және
«Дыбыссыз» режимі қосылады. Бұл режимде батырмаларды басқан
кезде дыбысты сигнал берілмейді.
«Дыбыссыз» режимін өшіру
«Дыбыссыз» режимінде «Оятқыш/Сағат» батырмасын басып, 3 секунд
ұстап тұрыңыз. Ұзаққа созылатын дыбысты сигнал беріледі және
«Дыбыссыз» режимі өшеді.
14. Қосымша ақпарат
1) Егер дайындау процесінде есікті ашқан болсаңыз, оны жауып,
дайындауды жалғастыру үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын
басыңыз.
2) Егер бағдарламаны орнатқаннан кейін 1 минут ішінде
«Старт/+30СЕК/Растау» батырмасы басылмаса, баптаулар әдепкі
қалпына келтіріледі және дисплейде ағымдағы уақыт көрсетіледі.
3) Батырманы басқан кезде дыбысты сигнал беріледі. Егер дыбысты
сигнал болмаса, батырма басылмаған.
109

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Обозначение знаков на панеле
7 месяцев назад