Candy CB-201 [6/11] Сақтық шаралары

Candy CB-201 [6/11] Сақтық шаралары
10 11
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықта
көрсетілген пайдалану ережелерін орындамау
жарақаттар алуға және пайдаланушы мүлкінің
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Аспапты пайдаланар алдында электр
ж елісінің сипаттамалары құрылғының
заттаңбасында көрсетілгендерге сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты тек жерге тұйықталуы бар розеткаға ғана
қосыңыз (жергілікті ережелерге сәйкес орындалған
жерге тұйықталу болмаған жағдайда өндіруші
(өндірушінің уәкілетті тұлғасы) өзінен шығынды өтеу
бойынша жауапкершілікті алып тастайды).
Аталған аспап сенсорлық жүйе мүмкіндіктері
шектеулі немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың (соның ішінде балалар), сонымен қатар
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалардың
пайдалануы үшін тағайындалмаған.
Жұмысты бастар алдында құрылғының дұрыс және
толық жиналғанына көз жеткізіңіз.
Блендер ұнтақтағышының тостағанын шамадан тыс
толтырмаңыз - оны максималды деңгей белгісінен
жоғары толтырмаңыз.
Бөлме температурасындағы ингредиенттерді
ұсақтаңыз. Ыстық өнімдерді ұсақтаған кезде 60 градус
температурадан асырмаңыз.
Блендерді пайдалану аяқталғаннан кейін, сондайақ
жинау, бөлшектеу, тазалау алдында және сақтауға
қоймас бұрын электр желісінің розеткасынан желілік
шнурдың вилкасын алыңыз.
Жұмыс істеп тұрған блендерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Блендер пышақтары өте өткір және оларды
пайдаланғанда аса сақ болу керек. Жарақаттанудың
және құралдың зақымдалуының алдын алу үшін
блендердің жылжымалы бөлшектеріне жанаспаңыз.
Кофе дәндерін немесе мускат жаңғағы сияқты қатты
дәмдеуіштерді ұсақтау үшін батырмалы блендерді
пайдаланбаңыз. Мұндай өнімдерді қайта өңдеу
батырмалы блендердің пышақтарының бұзылуына
әкелуі мүмкін.
Блендердің қандай да бір бөлшектерін
микротолқынды пешке салмаңыз.
Кабельдің үстел шетінен салбырап тұруына жол
бермеңіз, оны қызатын беттердің үстінен тартпаңыз,
кабельдің шатасуына жол бермеңіз.
Өлшегіш стақанды азық-түлік сақтауға арналған ыдыс
ретінде пайдаланбаңыз.
Аспаптың корпусына бөгде заттар мен сұйықтықтың
түсуіне жол бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі
мүмкін.
Аспап туралы ақпарат қамтылған шильдті жоймаңыз
және бүлдірмеңіз. Ол ақаулық орын алған жағдайда
құрылғыны сәйкестендіру үшін қажет.
Блендер қондырмалары табиғи тозуға ие,
пайдалану мерзімі қолдану ұқыптылығы мен
жиілігіне байланысты.
Аспап үйде пайдалануға арналған.
Желілік шнурды, желілік шнур вилкасын және
блендерді зақымдалуын үнемі тексеріп тұрыңыз.
Кез келген түрдегі зақымдану анықталған жағдайда,
блендерді пайдалануды дереу тоқтатып, оны
тексеру, ауыстыру немесе жөндеу үшін жақын
маңдағы қызмет көрсету орталығына тапсырыңыз.
Бұйымды тек қана зауыттық қаптамада, сонымен
қатар бекітілген күйінде тасымалдауға рұқсат етіледі.
Құрылғыны өткізу жүзеге асырылатын елдің
заңнамасы талаптарына сәйкес және оны сақтай
отырып, кәдеге жаратыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 2

Почему масло течет из блендера?
3 недели назад