Galaxy Line GL2660 [17/25] Жалғастырғыш термореттеуіштен тұратын температураны реттеуішпен

Galaxy Line GL2660 [17/25] Жалғастырғыш термореттеуіштен тұратын температураны реттеуішпен
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.6 Бұйымды осы нұсқаулықта аталғандардан басқа мақсаттар үшін
қолданбау керек. Бұйыммен жұмыс істеу, сақтау және күтім жасау осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүргізілуі керек.
4.7 Бұйымды егер жану немесе жарылыс қаупі бар болса, мәселен тез
тұтанатын сұйықтықтардың немесе газдардың жанында қолданбаңыз.
4.8 Құралды егер ол қараусыз қалдырылған болса және құрастырудың,
бөлшектеудің немесе тазалаудың алдында әрдайым желіден ажыратып
отыру қажет. Сонымен бірге құралды кез келген ақаулықтар орын алған
жағдайда және жұмыс аяқталғаннан кейін желіден ажырату қажет.
4.9 Қуат беру баусымының және бұйымның бүтіндігін қадағалау қажет.
Бұйымды бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.10 Бұйымға қате қарау оның бұзылуына, қолданушыға немесе оның
мүлігіне зиян тигізуге әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.11 Бұйымның жұмысы кезінде жерге тұйықталған заттарға жанаспаңыз
(мәселен, құбыржолдарға, жылыту радиаторларына, газ плиталарына,
тоңазытқышқа).
4.12 Электр құралын жерге тұйықталған розеткіге ғана қосыңыз.
4.13 Күйіп қалуларды болдырмау үшін құралдың жұмыс бетіне жанаспаңыз.
4.14 Құралды тегіс, орнықты жылуға төзімді бетке желілік ашаға
қолжетімділік еркін болатындай етіп орналастырыңыз.
4.15 Электр құралын газ плиталарының және жылытқыштардың жанында
қолданбаңыз.
4.16 Электр құралын дымқыл, шаң және майлы орындарға, тура күн
сәулелері түсетін аймаққа, сонымен қатар ыстыққа төзімділігі төмен бет-
терге және бөлмелерден тыс жерлерге орнатпаңыз.
4.17 Құралды тек қатты тегіс көлденең бетке қабырғалардан және үстел
жиектерінен кем дегенде 15 см қашықтықта орнатыңыз.
4.18 Температураны реттеуішті ашаны розеткіге қосудың және электр
құралын іске қосудың алдында әрдайым қосқыш жалғағышқа қойыңыз.
4.19 Қуат беру баусымын қызу көзінен, майдан және өткір заттардан алыс
ұстаңыз.
4.20 Бұйыммен жиынтықта жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану
қауіпті болуы және бұйымның істен шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жалғастырғыш – термореттеуіштен тұратын температураны реттеуішпен
қуат беру баусымы тек аталған құралмен ғана қолдануға арналған. Құрал
термореттеуіштен тұратын жалғастырғышпен қолдануға арналған. Тек тиісті
жалғастырғышты ғана қолдану керек.
4.21 Термоажыратқыштың кездейсоқ іске қосылуымен шақырылатын
қауіптерге жол бермеу үшін құралға таймер секілді сырттай сөндіруші
құрылғы арқылы қуат берілмеу керек немесе әдетте, коммуналдық
қызметтермен іске қосылатын және сөндірілетін желіге қосылмауы тиіс.
4.22 Құрал суға түсіп кеткен жағдайда ашаны электр розеткіден шығарумен
оны тез арада электр желісінен ажыратыңыз. Бұл ретте ешбір жағдайда
суға қолдарыңызды салмаңыз. Құралды одан әрі қолдану мәселесі бойынша
авторландырылған сервистік орталыққа жүгініңіз.
4.23 Өнімнің ақаулары анық немесе күдікті болған жағдайда, өнімді диагно-
стикалау және жөндеу бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Содержание

Скачать