Galaxy Line GL2382 [22/25] Техникалық қызмет көрсету

Galaxy Line GL2382 [22/25] Техникалық қызмет көрсету
KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
8.2 Электр құралының корпусын дымқыл матамен тазалау ұсынылады,
ал құралдың қалған бөліктерін тазартқыш құралдарды қолданумен таза
сумен жууға болады. Тостаған пен қақпақ ыдыс-аяқ жуатын машинада
жуу үшін жарамды.
8.3 Корпусты тазалау үшін бұйымның металл бөліктерінде тотықтың
түзілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін немесе пластик бетті бүлдіретін
тазартқыш құралдарды қолданбау керек.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі
талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға
тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары
керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн
сәулелерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Бұйымды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толғысыз зиян
келтіреді.Ақаулы бұйымды сонымен бірге пайдаланылған қуат беру
элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Осы
мақсаттар үшін мамандандырылған кәдеге жарату орталығына
жүгініңіз. Сіз тұрмыстық бұйымдарды, жабдықтарды және пайдаланылған
қуат беру элементтерін қайта өңдеуге қабылдаушы бекеттердің мекен-
жайларын Сіздегі елді мекендегі муниципалдық қызметтен ала аласыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать