Brayer BR1252 Руководство по эксплуатации онлайн [40/52] 803028

Brayer BR1252 Руководство по эксплуатации онлайн [40/52] 803028
40
KZ
Құрылғыны алғаш пайдалану алдында өнімдер-
мен түйісетін, барлық шешілмелі қондырмалар
мен сыйымдылықтарды жақсылап жуыңыз.
Жеткізілім жиынтығына кіретін бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.
Құрылғының айналып жатқан бөлшектеріне
тиіспеңіз. Блендер-қондырмасы пышағының неме-
се бұлғауышының айналатын аймағына шаштың
немесе киімнің салбыраған элементтері түсуіне
жол бермеңіз.
Құрылғыны пайдалану алдында қондырмалардың
дұрыс орнатылғанына және бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
Ұсақтағыш сыйымдылығын тегіс және тұрақты
бетке орналастырыңыз.
Ұсақтағыш сыйымдылығына өнімдерді құрылғыны
қосқанға дейін салыңыз, егер ұсақтағыш сый-
ымдылығы ішінде өнімдер болмаса, құрылғыны
қосуға тыйым салынады.
Ыстық өнімдерді ұсақтағыш сыйымдылығына
салардан бұрын оларды салқындатыңыз.
Ұсақтағыш сыйымдылығына салынған өнімдер
мөлшері мен құйылған сұйықтықтың деңгейін
бақылаңыз.
Ұсақтағыш-пышақтың және қондырма-блен-
дердің кескіш жиектері өткір және қауіп төндіреді,
ұсақтағыш-пышақты және қондырма-блендерді
абайлап ұстаңыз.
Егер жұмыс кезінде пышақтардың айналуы тоқта-
са, құрылғыны өшіріңіз, розеткадан қуаттандыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
бауының ашасын суырыңыз, қақпақ-редукторды
шешіп алыңыз және ұсақтағыш-пышақтардың ай-
налуына кедергі келтірген өнімді алып тастаңыз.
Ұсақтағыш-пышақтың және қондырма-блендердің
айналуы қиындаған кезде, ұсақтағыш сыйым-
дылығына немесе қондырма-блендер пайдала-
нылатын сыйымдылық ішіне су, шырын, қайнатпа
және т. б. қосу ұсынылады.
Мотор блогын электр желісінен ажыратқаннан
кейін ғана, ұсақтағыш сыйымдылығынан мотор
блогын шешіп алуға болады.
Ұсақтағыш тостағаны мен өлшеуіш стақанды ми-
кротолқынды пешке салуға тыйым салынады.
Қондырғылар мен сыйымдықтарды ыдыс жуу
машинасына салмаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде пай-
даланылатын, полиэтилен пакеттерді қадағалау-
сыз қалдырмаңыз.
Құрылғы балалардың пайдалануына арналмаған.
Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануын бол-
дырмау үшін, балаларды қадағалаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балалар жұмыс
бетіне, құрылғы корпусына, қуаттандыру бауына
немесе қуаттандыру бауының ашасына тиісуіне
рұқсат бермеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать