Brayer BR1252 [39/52] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық

Brayer BR1252 [39/52] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық
39
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА-
ЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Блендер-қондырмамен
үздіксіз жұмыс істеу уақыты 60 секундтан аспа-
уы керек, ұсақтағыш қондырмасымен 60 секунд,
бұлғауыш-қондырмамен 2 минут, картоп езбесін
жасауға арналған қондырмамен 1 минуттан ас-
пауы керек, капучинатор-қондырмамен 2 минут.
Екі жұмыс циклынан соң, кемінде 3 минут үзіліс
жасаңыз..
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыр-
маңыз.
Құрылғыны жылу көздерінің, жылыту аспаптарының
немесе ашық оттың тікелей жанында пайдалан-
баңыз.
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тый-
ым салынады.
Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуынатын
бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су толты-
рылған сыйымдылықтарға жақын жерде пайдалан-
баңыз.
Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
Қуаттандыру бауы ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін неме-
се тазалау алдында электр желісінен сөндіріңіз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде тек
қуаттандыру бауының ашасынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап шығарыңыз, қуаттан-
дыру бауынан тартпаңыз — бұл оның зақымдануы-
на әкелуі және қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
Құрылғы корпусына, қуаттандыру бауына және
қуаттандыру бауының ашасына сулы қолыңызбен
тиіспеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать