Haier HHY-Y64WBFLB [39/62] Индукциялық пісіру панелін пайдалану

Haier HHY-Y64BFVB [39/62] Индукциялық пісіру панелін пайдалану
9
Ыдысты керамикалық пісіру бетімен сырғытпай, көтерген дұрыс, өйткені әйнек
сырылып кетуі мүмкін.
Ыдыс көлемі
Ас әзірлеу аймақтары автоматты түрде ыдыс диаметріне бейімделеді. Дегенмен
ыдыс табанының диаметрі тиісті ас әзірлеу аймағына сәйкес келетін минимал
мәнге ие болуға тиіс. Пісіру панелі барынша тиімді болу үшін ыдысты ас әзірлеу
аймағының ортасына қойыңыз.
Индукциялық ыдыс табанының диаметрі
Ас әзірлеу аймағы,
диаметр (мм)
Түбінің минималды
диаметрі (мм)
160 100
180 120
Кеңейту аймағы (Flex) 240
Индукциялық пісіру панелін пайдалану
Ас әзірлеудің басталуы
1. Қосу / өшіру өрісін түртіңіз
Қуат қосылғаннан кейін бір дыбыстық сигнал шығады және барлық
дисплейлерде - немесе” - - көрсетіледі. Бұл индукциялық панель күту
режиміне енгенін білдіреді.
2. Сәйкес келетін ыдысты қолданғыңыз келетін ас әзірлейтін аймаққа қойыңыз.
Ыдыс түбі мен ас әзірлеу аймағының беті таза әрі құрғақ екенін тексеріңіз.
3. Қыздырылатын аймақтың таңдау өрісін түртіңіз, өріс жанындағы индикатор
жыпылықтайды.
4. Жүгірткіні пайдаланып, қажетті деңгейді орнатыңыз.
a. Егер сіз қыздырылған аймақты бір минут ішінде таңдамасаңыз, пеш
автоматты түрде өшеді. Қайта 1-қадамнан бастаған жөн.

Содержание

Похожие устройства

Скачать