Haier HHY-Y64WBFLB [46/62] Таймерді ас әзірлейтін бір аймақты сөндіруге баптау

Haier HHY-Y64WBFLB [46/62] Таймерді ас әзірлейтін бір аймақты сөндіруге баптау
16
Таймерді ас әзірлейтін бір аймақты сөндіруге баптау
Бұл функция орнатылған пісіру алаңдары белгіленген уақыт өткеннен кейін
өшеді.
1. Таймерді орнатқыңыз келетін пісіру алаңының таңдау өрісін түртіңіз (мысалы,
1# аймақ)
2. Таймерді басқару түймесін түртіңіз, кері санақ индикаторы жыпылықтайды.
3. Таймердің “-” немесе “+” батырмаларын басу арқылы уақыт белгілеңіз.
Кеңес:
«-» немесе «+» өрісін бір рет басу уақытты 1 минутқа азайтады немесе арттырады.
Таймердің «-» немесе «+» сенсорлық өрісін түрту және ұстап
тұру уақытты 10 минутқа азайтады немесе арттырады.
Егер уақыт баптауы 99 минуттан асатын болса, таймер автоматты түрде 0
минут мәніне өтеді.
4. Уақыт белгіленде оны санау бірден басталады. Дисплейде қалған уақыт
көрсетіледі және таймер шамы 5 секунд ішінде жыпылықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат деңгейі көрсеткішінің қасындағы қызыл нүкте жанып, таңдалған
аймақты көрсетеді.
5. Таймерді болдырмау үшін пісіру аймағын таңдауды басқару элементін
түртіңіз, содан кейін «Timer» түймесін түртіңіз. Таймер жойылады, минуттық
дисплейде «00», содан кейін «--» көрсетіледі.
6. Таймер әрекет ететін уақыт аяқталғанда тиісті ас пісіру аймағы автоматты
түрде өшеді де, дисплейде «H» пайда болады.
Басқа ас пісіру аймақтары бұрын қосылған болса, жұмысын
жалғастырады.
Таймерді бірнеше ас пісіру аймағын сөндіруге баптау
1. Бұл функцияны бірнеше пісіру алаңдары үшін пайдалансаңыз, таймер
индикаторы ең қысқа уақытты көрсетеді. Қысқа таймер санауды аяқтағаннан
кейін дисплейде келесі ең ұзақ таймер көрсетіледі (мысалы, №1 аймақты
орнату уақыты 6 минут болса, №2 аймақты орнату уақыты 3 минут болса,
таймер индикаторында «03» көрсетіледі).
ЕКСЕРТПЕ: Қуат деңгейін көрсеткіштің қасындағы жыпылықтап тұрған қызыл
нүкте таймер көрсеткіші таңдалған аймақтағы уақытты көрсететінін білдіреді.
m

Содержание

Похожие устройства

Скачать