Galaxy Line GL2912 [18/24] Дейін төмен түсіріңіз подогрев батырмасын басыңыз бұл ретте осы

Galaxy Line GL2912 [18/24] Дейін төмен түсіріңіз подогрев батырмасын басыңыз бұл ретте осы
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
«ЫСЫТУ» БАТЫРМАСЫ
Сіз суып қалған тосттарды жылыта аласыз. Ол үшін оларды тосттарға
арналған бөлікке орналастырыңыз және центрлеу тетігін оның бекітілуіне
дейін төмен түсіріңіз. «ПОДОГРЕВ» батырмасын басыңыз, бұл ретте осы
атқарымның жұмыс индикаторы жанады. Бұл режимде тосттарды қосымша
қызартып пісірусіз жылытуға болады.
«ЖЫЛЫТУ» БАТЫРМАСЫ
Тоңазытылған тосттарды қызартып пісіру үшін оларды тосттарға арналған
бөлікке түсіріңіз. Реттеуішпен қызартып қуырудың қажетті деңгейін
орнатыңыз, центрлеу тетігін оның бекітілуіне дейін төмен түсіріңіз, содан
кейін «РАЗМОРОЗКА» батырмасын басыңыз, бұл ретте осы атқарымның
жұмыс индикаторы жанады.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалаудың алдында тостерді желіден ажыратыңыз және оны толықтай
суытыңыз.
8.2 Тостердің корпусын сыртынан дымқыл шүберекпен ғана сүрту керек.
Корпусты тазалау үшін бұйымның металл бөліктерінде тотықтың түзілуіне
әкеліп соқтыруы мүмкін немесе пластик бетті бүлдіретін тазартқыш
құралдарды қолданбау керек.
8.3 Электр құралының жұмысы аяқталғаннан кейін үгінділерді жинауға
арналған тұғырықты шығарыңыз, одан үгінділерді кетіріңіз және оны қайта
орнына орнатыңыз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі
талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға
тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет.
Пайдалануда болған бұйымды теріс температурада тасымалдаудың не-
месе сақтауға берудің алдында бұйымда судың жоқтығына көз жеткізу
қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек. Бұйымды
температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн сәулелерінен
қорғаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать