PlayStation 5 Blu-Ray Edition CFI-1008A [44/56] Айнымалы ток сымын пайдалану

PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [44/56] Айнымалы ток сымын пайдалану
44
Қозғалыс датчигі
Сымсыз басқару құралының қозғалыс датчигі функциясын пайдаланып жатқанда,
келесі нәрселерден сақтаныңыз. Басқару құралы адамға немесе затқа соқтықса,
бұл кездейсоқ жарақатқа немесе зақымға әкелуі мүмкін.
Қозғалыс датчигі функциясын пайдалану алдында, айналада қозғалу үшін
жеткілікті кеңістік бар екендігіне көз жеткізіңіз.
Қолыңыздан шығып кетіп, зақымға немесе жарақатқа әкелмеуі үшін сымсыз
басқару құралын қатты ұстаңыз.
PS5 консоліне USB кабелі арқылы қосылған сымсыз басқару құралын
пайдаланып жатсаңыз, кабель адамға немесе затқа соқтықпауы үшін кабель
үшін жеткілікті кеңістік бар екенін тексеріңіз.
Үйлесімділік
Аналогтық басқару құралдары (DUALSHOCK
®
және DUALSHOCK
®
2) және
DUALSHOCK
®
3 сымсыз басқару құралы сияқты PlayStation
®
, PlayStation
®
2
және PlayStation
®
3 консольдерімен бірге пайдалануға арналған басқару
құралдары PS5 консолімен үйлесімді емес. DUALSHOCK
®
4 сымсыз
басқару құралы PS5 консоліндегі PlayStation
®
4 пішіміндегі бағдарламалық
жасақтамамен үйлесімді, бірақ PS5 консоліндегі PS5 пішіміндегі
бағдарламалық жасақтамамен үйлесімді емес.
Жарық жолағы
Басқару құралындағыжарық аймағы жыпылықтаған кезде оған қарамаңыз.
Егер денеңізде жарық стимуляциясынан ыңғайсыздық немесе қандайда
бір ауру белгісін байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
Зарядтау
Температура ауқымы 10 °C және 30 °C аралығында болатын ортада зарядтаңыз.
Басқа орталарда зарядтағанда тиімді нәтиже болмауы мүмкін.
Сымсыз басқару құралы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, батареяның функциялық
мүмкіндігін сақтау үшін кемінде жылына бір рет батареяны толық зарядтаған жөн.
Шектеулі қызмет көрсету мерзімі
Батареяның қызмет ету мерзімі шектеулі. Батарея қызметінің ұзақтығы жиі
қолдану және уақыт өту нәтижесінде қысқарады. Батареяның қызмет көрсету
мерзімі сақтау әдісіне, пайдалану күйіне, ортаға және басқа факторларға
байланысты әртүрлі болады.
Айнымалы ток сымын пайдалану
Қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін, айнымалы ток сымын жүйелі түрде
тексеріп тұрыңыз. Егер зақымдалған болса, пайдалануды дереу тоқтатып,
кепілдік бөлімінен табуға болатын тиісті PlayStation
®
пайдаланушыларға
қызмет көрсету анықтамалық желісіне хабарласыңыз.
Жинақтағы айнымалы ток сымынан басқа сымды пайдаланбаңыз. Айнымалы
ток сымы тек осы консольмен бірге пайдалануға жобаланған және басқа
электр құрылғылармен бірге пайдаланылмауы керек.
Айнымалы ток сымының ашасына ылғал қолдармен тимеңіз.
Айнымалы ток сымын, әсіресе ашаларды, кеңейту ұяшықтарын және сым
консольден шығатын тұсті басып өтуден немесе қысылудан қорғаңыз.
Сымға ауыр заттар қоймаңыз.
Айнымалы ток сымын жылыту жабдығының жанына қоймаңыз және сымға
жылу әсерін тигізбеңіз.
Айнымалы ток сымын кернеу трансформаторына немесе инверторына
жалғамаңыз. Айнымалы ток сымын шетелге саяхаттау үшін кернеу
трансформаторына қосу немесе көлікте пайдалану үшін инверторға қосу
консольде жылудың жиналуына және күйіктерге немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін.
AC IN коннекторының айналасында шаңның немесе бөгде заттардың жиналуына
жол бермеңіз. Айнымалы ток сымын консольге немесе розеткаға қоспастан
бұрын, қуат ашасының, сымның байланыстырғыш ұшының, электр розетканың
немесе жүйенің артындағы АС IN коннекторының ішінде не үстінде шаң немесе
бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз Егер де аша немесе штекер
ластанған болса, оларды қосу алдында құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Консольді тазалау немесе жылжыту алдында не болмаса консольді ұзақ уақыт
бойы пайдаланбайын деп жатсаңыз, айнымалы ток сымын электр розеткадан
ажыратыңыз. Ажыратқан кезде айнымалы ток сымын ашасынан ұстап, оны электр
розеткадан тігінен тартып шығарыңыз. Ешқашан сымнан ұстап суырмаңыз және
бұрыштан тарпаңыз.
Осы консольді немесе аксессуарларды ешқашан
бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз
Консольді және аксессуарларды өнім құжаттамасындағы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Осы консольді немесе аксессуарларды талдау немесе өзгерту
не оның тізбек конфигурацияларын талдау және пайдалану рұқсаты берілмейді.
Консольді немесе аксессуарларды рұқсатсыз өзгерту кепілдіктің күшінің
жойылуына әкеледі. Консоль ішінде пайдаланушы қызмет көрсете алатын
құрамдастар жоқ.
Желі
Желіге қосылу үшін интернет байланысы керек.
Интернет қызметінің ақыларына сіз жауаптысыз. Толық ақпаратты қызмет көрсету
келісімшартында берілген мәліметтерден қараңыз немесе интернет қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
Тек 10BASE-T, 100BASE-TX немесе 1000BASE-T желілерімен үйлесімді Ethernet
кабелін пайдаланыңыз. Стандартты үй телефон желісіне арналған сымды
немесе осында аталғаннан басқа түрге жататын кабельдерді пайдаланбаңыз.
Сымның немесе кабельдің қате түрін пайдалану LAN порты арқылы қажетінен
көбірек электр тогының өтуіне әкеліп, бұл жылудың жиналуына, өртке немесе
ақаулыққа әкелуі мүмкін.
82934_0007_sy_Safety_Guide_RUSIND.indb 44 17/08/2020 16:31

Содержание

Похожие устройства

Скачать