PlayStation 5 Blu-Ray Edition CFI-1008A [45/56] Сипаттамалары

PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [45/56] Сипаттамалары
45
Сымсыз желі мүмкіндігі
Консольдің сымсыз желі мүмкіндігі пайдаланатын жиіліктер: 2,4 ГГц (WLAN,
Bluetooth
®
)/5 ГГц (WLAN) ауқымдары. Радиотолқындардың 2,4 Ггц ауқымын
әртүрлі құрылғылар ортақ пайдаланады. Бұл консоль бір ауқымы пайдаланатын
басқа құрылғылардың әсерін барынша азайтатын етіп жобаланған. Алайда,
кейбір жағдайларда басқа құрылғылардан келген кедергілер байланыс
жылдамдығын төмендетуі, сигнал ауқымын қысқартуы немесе күтпеген жерден
байланысты тоқтатуы мүмкін.
5150-5350 Мгц диапазонында тек іште пайдалануға болады.
Сымсыз жергілікті желіге қатынасу нүктесін таңдау үшін консольдің іздеу
функциясын пайдаланғанда, көпшіліктің пайдалануына арналмаған қатынасу
нүктелері көрсетілуі мүмкін. Тек пайдалануға рұқсат етілген, я болмаса қоғамдық
сымсыз жергілікті желі немесе хотспот қызметі арқылы қолжетімді қатынасу
нүктесіне қосылыңыз.
Ылғалдың конденсациясы
Консоль тікелей суық жерден жылы жерге әкелінсе, консоль ішінде ылғал
конденсациялануы мүмкін. Бұл жағдай орын алса, консоль дұрыс істемеуі мүмкін.
Бұл жағдайда ылғал буланғанша (бұған бірнеше сағат кетуі мүмкін) консольді
өшіріңіз және розеткадан ажыратыңыз. Егер консоль әлі де дұрыс жұмыс істемесе,
кепілдік бөлімінен табуға болатын тиісті PlayStation® пайдаланушыларға қызмет
көрсету анықтамалық желісіне хабарласыңыз.
Тазалау
Қауіпсіздік мақсатында, консольді немесе қосулы аксессуарларды тазалау алдында
айнымалы ток сымын электр розеткасынан ажыратыңыз.
Сыртқы беттер (консольдің пластик қақпағы және сымсыз
басқару құралы)
Жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Консольдің немесе перифериялық құрылғылардың бетінің түсі және сапасы
өзгермеуі үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Инсектицидтерді немесе ұшпа заттарды, соның ішніде бояу сұйылтқышын,
бензинді немесе алкогольді сеппеңіз немесе қолданбаңыз. Химиялық
жолмен өңделген шүберектермен сүртпеңіз.
Басқару құралын немесе гарнитураны консоль үстіне қоймаңыз немесе
сақтамаңыз.
Порттар/коннекторлар
Лас болса, консольдегі порттарды/коннекторларды пайдаланбаңыз. Олар электр
тогын тиісті түрде өткізбеуі мүмкін. Егер олар ластанса, жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
Сипаттамалары
Құрылым және техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Пайдаланылып жатқан бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты,
консоль осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқаша жұмыс істеуі мүмкін.
PlayStation
®
5 консолі
Басты процессор
Бір кристалды тұтынушы процессоры
Орталық процессор: x86-64-AMD Ryzen™ «Zen2»,
8 ядро/16 ағын
GPU: 10 TFLOPS, AMD Radeon™ RDNA негізіндегі
графикалық жүйе
Жады
GDDR6 16 ГБ
Сақтау
825 ГБ теңшелетін SSD
*1
Енгізулер/Шығарулар
*2
USB Type-A порты (Hi-Speed USB)
USB Type-A порты (SuperSpeed USB 10 Гбит/сек) ×2
USB Type-C® порты (SuperSpeed USB 10 Гбит/сек)
Желі
Ethernet (10BASE-T, 100BASE-TX, 1000BASE-T)
IEEE 802.11 a/b/g/n/ac/ax
Bluetooth
®
5.1
AV-шығару
HDMI™ OUT порты
*3
Электрлік
220-240 B 1,60 A
50/60 Гц
Максималды ұзақ қуат
340 Вт
Сыртқы габариттер
(шығып тұратын бөліктерді
қоспағанда)
Шамамен 390 × 92 × 260 мм (ені × биіктігі × тереңдігі)
Салмағы
Шамамен 3,9 кг
Жұмыс температурасы
5 °C ден 35 °C
Өндіруші ел
Қытай
*1 SSD сыйымдылығының бір бөлігі консольді басқаруға, техникалық қызмет
көрсетуге және қосымша опцияларға байланысты пайдалану үшін сақталады.
Нәтижесінде қолжетімді SSD сыйымдылығы өзгеріп отыруы мүмкін.
*2 Барлық қосылған құрығыларды пайдалануға болатынына кепілдік берілмейді.
*3 Жинақтағы HDMI кабелін пайдаланыңыз.
KZ
82934_0007_sy_Safety_Guide_RUSIND.indb 45 17/08/2020 16:31

Содержание

Похожие устройства

Скачать