PlayStation 5 для двух DualSense CFI-ZDS1 [30/48] Пайдаланбастан бұрын

PlayStation 5 для двух DualSense CFI-ZDS1 [30/48] Пайдаланбастан бұрын
30
Пайдаланбастан бұрын
Өнімді пайдалану алдында осы нұсқаулықты және үйлесімді жабдық бойынша
барлық нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Нұсқауларды алда пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
Сақтық шаралары
Қауіпсіздік
ˎ Тек өніммен бірге жеткізілген айнымалы ток адаптері мен айнымалы ток сымын
пайдаланыңыз. Басқа түрлер өртке, ток соғуға немесе дұрыс жұмыс істемеуге
себепші болуы мүмкін.
ˎ Айнымалы ток сымын кернеу трансформаторына немесе инверторына жалғамаңыз.
Айнымалы ток сымын шетелге сапар шегу кезінде кернеу трансформаторына
жалғау немесе автокөлікте қолдану үшін инверторға жалғау айнымалы ток
адаптерінде қызудың жинақталуына және күйікке немесе жұмыстың бұзылуына
себеп болуы мүмкін.
ˎ Тазалау алдында немесе өнімді ұзақ уақыт пайдаланбау керек кезде айнымалы
ток сымын розеткадан ажыратыңыз.
ˎ Осы өнімді кішкене балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Кішкентай балалар
кішкентай бөлшектерді жұтып қоюлары немесе кабельдерге оралып қалулары
мүмкін, бұл жарақат алу, апатқа ұшырау немесе бұзылу қаупін тудыруы келуі мүмкін.
82654_0003_sy_Instruction_Manual_RUSMED.indb 30 29/06/2020 09:48

Содержание

Похожие устройства

Скачать