Samsung WD80K52E0ZX/LD [133/192] Назар салыңыз

Samsung WD80K52E0ZX/LD [133/192] Назар салыңыз
Қазақша 5
Қауіпсіздік шаралары
5. Құрылғымен бірге жеткізілген жаңа түтіктер жинағын қолдану керек,
ескі түтіктер жинағын қайта қолдануға болмайды.
6. Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан құрылғылардың
саңылауларын кілем немесе басқа заттар бөгеп тастамауы керек.
7. Еуропада пайдалану үшін: 3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз
бақылап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
8. НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Токты айырып-қосқыштардың параметрін
дұрыс орнатпау нәтижесінде ток сөніп қалған жағдайда қауіпті
жағдайларға жол бермеу үшін бұл құрылғыға таймер тәрізді сыртқы
құралды орнатпау керек немесе құрал арқылы жиі қосылатын және
сөндірілетін тізбекке қоспау керек.
9. Егер тазалау өндірістік химиялық заттар қолданылса, кептіргішті
қолданбаған жөн.
10. Егер қолданылса, түктерді ұстағыш сүзгіні жиі тазалап тұрыңыз.
11. Кептіргіштің айналасына түктердің жиналуына жол бермеңіз.
(ғимараттың сыртына желдететін қолданбалар үшін қолданылмайды)
12. Басқа жанармай түрлерімен, оның ішінде ашық отпен жанатын
қолданбалардан шығатын газдың бөлмеге кері қарай кіруіне жол
бермеу үшін жеткілікті желдетілу қамтамасыз етілуі тиіс.
13. Жуылмаған заттарды кептіргіште кептіруге болмайды.
14. Өсімдік майымен, ацетон, спирт, бензин, керосин, дақ кетіргіштер,
скипидар, балауыз және балауыз кетіргіштер сияқты заттармен
ластанған заттарды кептіргіште кептіруден бұрын қосымша жуғыш
зат қосылған ыстық сумен жуып алған жөн.
15. Поролонды (латекс көбігі), душқа киетін қалпақты, су өткізбейтін
текстильді, резеңке астары бар бұйымдарды және поролон
материалмен толтырылған киімдерді немесе жастықтарды
кептіргіште кептіруге болмайды.
16. Мата жұмсартқыштар немесе ұқсас өнімдерді мата жұмсартқыш
нұсқауларында көрсетілгендей пайдалану керек.
WD80K52E0AW_04057B-00_KK.indd 5 2019/5/14 16:09:13

Содержание

Похожие устройства

Скачать