Samsung WD80K52E0ZX/LD [167/192] Отсрочка кешіктіріп аяқтау

Samsung WD80K52E0ZX [167/192] Отсрочка кешіктіріп аяқтау
Қазақша 39
Пайдалану
Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау)
Кір жуғыш машинаны, кір жууды кейін автоматты түрде аяқтау үшін, кешіктіріп аяқтау уақытын
1-тен бастап 24 сағат (1 сағаттық қадаммен) аралығында таңдауыңызға болады. Дисплейдегі
уақыт жуу циклінің аяқталу уақытын көрсетеді.
1. Цикл таңдаңыз. Содан кейін қажет болған жағдайда цикл баптауларын өзгертіңіз.
2. Қажетті уақыт орнатылғанға дейін Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) қайта-қайта басыңыз.
3. Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.
Сағат жүріп тұрғанда тиісті индикатор жанады.
4. Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) функциясын өшіру үшін Қуат түймесін басып кір жуғыш
машинаны қайта іске қосыңыз.
Шынайы өмір көріністері
Екі сағаттық циклды осыдан 3 сағат өткенде аяқтағыңыз келеді. Бұл үшін қазіргі 3 сағаттық
параметрі бар циклға Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) опциясын қосып, Бастау/Үзіліс түймесін
14:00-де басыңыз.Сонда не болады? Кір жуғыш машина 15:00-де жуа бастап, 17:00-де
аяқтайды.Төменде осы мысалдың уақыттары көрсетілген.
14:00
Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) опциясын
3 сағатқа қойыңыз
15:00
Бастау
17:00
Аяқтау
WD80K52E0AW_04057B-00_KK.indd 39 2019/5/14 16:09:19

Содержание

Похожие устройства

Скачать