Samsung NV68A1110BS/WT [67/112] Керек жарақтары

Samsung NV68A1110BB/WT [67/112] Керек жарақтары
Қазақ 11
Істі бастау алдында
Керек-жарақтары
Керек-жарақтарды алғаш пайдаланатын кезде, оларды жылы су мен жуғыш затты, жұмсақ таза
шүберекті пайдаланып мұқият тазалаңыз.
05
04
03
02
01
01 1-ші деңгей 02 2-ші деңгей
03 3-ші деңгей 04 4-ші деңгей
05 5-ші деңгей
Керек-жарақты пештің ішіндегі дұрыс орынға
орналастырыңыз.
Керек-жараққа және пештің табанына дейін және
басқа керек-жараққа дейін кемінде 1 см орын
қалдырыңыз.
Ыдыс және/немесе керек-жарақтарды пештен
алатын кезде абайлаңыз. Ыстық тағамдар
немесе керек-жарақтар күйгізіп жіберуі мүмкін.
Керек-жарақтар қызып тұрған кезде
деформацияланып қалуы мүмкін. Суығаннан
кейін бастапқы пішімдері мен қалыптары қайта
орындарына келеді.
Негізгі қолдану
Барынша жақсы пісіру нәтижесіне қол жеткізу үшін әр керек-жарақты пайдалану жолымен
танысыңыз.
Тор сөре Тор сөре гриль жасауға және тағам қуыруға арналған. Тор сөренің
алға шығып тұрған бөліктерін (екі жағындағы тежегіштері) алға
қаратып салыңыз.
Тор сөренің төсемесі * Тор сөренің төсемесін тағамның сұйығы пештің түбіне тамшыламас
үшін науамен бірге қолдануға болады.
Пісірме науа * Пісірме науа (тереңдігі : 20 мм) торт, печенье және басқа кондитер
өнімдерін пісіру үшін қолданылады. Көлбеу жағын алдына қаратып
қойыңыз.
Әмбебап науа * Әмбебап науа (тереңдігі : 30 мм) пісіру және қуыру үшін қолданылады.
Тор сөренің төсемесін пештің табанына сұйық зат тамшыламау үшін
пайдаланыңыз.
Көлбеу жағын алдына қаратып қойыңыз.
Өте шұңғыл науа * Өте шұңғыл науа (тереңдігі: 50 мм) тор сөренің төсемесін қолданып
немесе қолданбай қуыруға арналған. Көлбеу жағын алдына қаратып
қойыңыз.
Cырғытпа жолдар * Телескопиялық бағыттағышты науаны төмендегідей орнату үшін
пайдаланыңыз.
1. Жолдың бағыттағышын пештен шығарып созыңыз.
2. Науаны жолдың бағыттағышына қойып, жолдың бағыттағышын
пештің ішіне қарай сырғытыңыз.
3. Пештің есігін жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Жұлдызшамен (*) белгіленген керек-жарақтардың қол жетімділігі үлгі түріне байланысты.
NV68A1110BB_WT_DG68-01365G-00_KK.indd 11 2021-02-19  5:14:31

Содержание

Похожие устройства

Скачать