Electrolux EGC93313NK [4/48] Қауіпсіздік нұсқаулары

Electrolux EGC93313NK [4/48] Қауіпсіздік нұсқаулары
Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр қатері пайда
болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт интервалы
сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырып-
қосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші асқын
кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру
керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
Электр сымын төсеген кезде, температурасы бөлме
температурасынан 50°C градус жоғары болатын заттарға
тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып)
орнатыңыз.
Егер пеш үстінің шынысы сынып қалса:
барлық оттықтарды дереу сөндіріңіз де, электрлі
қыздырғыш элементтердің барлығын оқшаулап,
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
құрылғының бетіне қол тигізбеңіз,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
2.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
BY
KZ RU UA
4
www.electrolux.com

Содержание

Скачать