Electrolux EGC93313NK [5/48] Орнату

Electrolux EGC93313NK [5/48] Орнату
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе
ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін
етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш
панель орнатуды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе ашасы
(бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Сымға деформацияға қарсы қапсырманы
пайдаланыңыз.
Құрылғының сымына немесе ашасына (бар
болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Газға қосу
Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
Орнатар алдында жергілікті жабдықтау
жағдайлары (газдың түрі мен газдың
қысымы) және құрылғының параметрлері
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
Газбен жабдықтау туралы ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген.
Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне
сай орнатыңыз. Желдету талаптарының
дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 5

Содержание

Скачать