Samsung HW-T400 [89/105] Bluetooth power қосу өшіру

Samsung HW-T400 [89/105] Bluetooth power қосу өшіру
KAZ - 19
Bluetooth Power қосу/өшіру
Егер алдында жұптастырылған Bluetooth құрылғысы Bluetooth Power функциясы қосылғанда
және Soundbar құрылғысы өшірілгенде Soundbar құрылғысымен жұптаспақ болса, Soundbar
құрылғысы автоматты түрде қосылады.
Bluetooth Power функциясын қосу/өшіру үшін қуатты қосу станциясындағы түймесін
5 секундтан артық басып тұрыңыз. Bluetooth Power қосу/өшіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін 11-бетті қараңыз.
Bluetooth Power функциясы әдепкі бойынша Қосулы күйіне орнатылған.
Bluetooth туралы қосымша ақпарат
Bluetooth — Bluetooth-үйлесімді құрылғыларға бір бірімен қысқа сымсыз қосылымды
пайдаланып оңай қосылуға мүмкіндік беретін технология.
Bluetooth құрылғысы мынадай жағдайда қолданысқа байланысты шуды немесе дұрыс
жұмыс істемеуді тудыруы мүмкін:
Егер дене бөлігі Bluetooth құрылғысының немесе Soundbar құралының қабылдау/
тасымалдау жүйесімен байланыста болғанда.
Қабырға, бұрыш немесе кеңсе бөлгіштері арқылы туындаған кедергілерден электрлік
өзгеріске байланысты болады.
Медициналық құралды, микротолқынды пешті және сымсыз жергілікті желіні қоса
бірдей жиілік диапазонындағы құрылғылардан болған электрлік жиілікке әлсіз болады.
Soundbar құралын жақын қашықтықты сақтай отырып Bluetooth құрылғысымен
жұптастырыңыз.
Soundbar құралы мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық алыстаған сайын сапа
нашарлайды. Егер қашықтық Bluetooth жұмыс ауқымынан асса, қосылым жоғалады.
Hашар қабылдау сезімталдығы аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Bluetooth байланысы тек құрылғыға жақын болған кезде істейді. Егер қашықтық осы
ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты түрде қиылады. Осы ауқым ішінде болғанда да,
дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер арқылы төмендеуі мүмкін.
Бұл сымсыз құрылғы оны пайдалану кезінде электр кедергілерін туғызуы мүмкін.

Содержание

Скачать