Samsung HW-S801B [88/108] Сабвуфердің артқы жағындағы жарық диодты индикаторлар

Samsung HW-S801B [88/108] Сабвуфердің артқы жағындағы жарық диодты индикаторлар
KAZ - 16
Сабвуфердің артқы жағындағы жарық диодты индикаторлар
Жарық диоды Күйі Сипаттама Шешім
Көк
Қосулы
Сәтті қосылған
(қалыпты жұмыс)
-
Жыпылықтап тұр Қосылым қалпына келтірілуде
Негізгі Soundbar құрылғысына бекітілген қуат кабелі дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз немесе 5 минуттай күте тұрыңыз. Егер
жыпылықтау тоқтамаса, сабвуферді қолмен жалғап көріңіз.
15-бетті қараңыз.
Қызыл
Қосулы
Күту күйі (Soundbar негізгі
құрылғысы өшірулі болғанда)
Негізгі Soundbar құрылғысына бекітілген қуат кабелі дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз.
Байланыс сәтсіз аяқталды
Қайта жалғаңыз. 15-беттегі қолмен жалғау нұсқауларын
қараңыз.
Қызыл
және
көк
Жыпылықтап тұр Ақаулық
Осы нұсқаулықта Samsung қызмет көрсету орталығының
байланыс ақпаратын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Егер негізгі жабдық өшсе, сымсыз сабвуфер күту режиміне өтіп, сабвуфердің артындағы STANDBY ЖШД шамы көк түспен бірнеше рет жыпылықтайды да қызыл
түске ауысады.
Егер Soundbar жанында Soundbar құрылғысымен бірдей жиілікті пайдаланатын құрылғыны қолдансаңыз, ол кедергі келтіріп, дыбыс үзілуі мүмкін.
Негізгі жабдықтың сымсыз сигналының ең көп тасымалдау аралығы — шамамен 10 м, бірақ пайдалану ортасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Егер негізгі
жабдық пен сымсыз сабвуфердің арасында темірбетон немесе металл қабырға болса, жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін, себебі сымсыз сигнал металл арқылы
өте алмайды.
ЕСКЕРТУ
Сымсыз қабылдау антенналары сымсыз сабвуферге орнатылған. Құрылғыны су мен ылғалдан аулақ ұстаңыз.
Жақсы сапада тыңдау үшін сымсыз сабвуфердің айналасындағы аймақта ешбір кедергінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
SWA-9500S құрылғысы (бөлек сатылады) Soundbar құрылғысына жалғау
Samsung сымсыз артқы колонка жинағын (SWA-9500S, бөлек сатылады) Soundbar құрылғысына жалғау арқылы шынайы сымсыз көлемдік дыбысқа дейін
кеңейтіңіз.
Қосылымдар туралы толық ақпаратты Samsung сымсыз артқы колонка жинағының нұсқаулығынан қараңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать