LG TW4V9RW9E Руководство по эксплуатации онлайн [58/104] 804775

LG TW4V9RW9E Руководство по эксплуатации онлайн [58/104] 804775
6
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
құрылғының есігін ашық қалдырмаңыз. Балалар есігіне асылып
не ішіне өрмелеп кіріп, жарақат алуы немесе машинаны
зақымдауы мүмкін.
Жанғыш не жарылғыш заттармен (балауыздар, балауыз
еріткіштері, май, бояу, бензин, майсыздандырғыш, құрғақ
тазалау еріткіштері, керосин, бензин, дақ кетіргіш, скипидар,
өсімдік майы, аспаздық майы, ацетон, спирт, т.б. сияқты)
тазаланған, жуылған, малынған немесе шашыраған бұйымдарды
салмаңыз, жумаңыз не кептірмеңіз. Осы талапты сақтамау өртке
не жарылысқа себеп болуы мүмкін.
Тез тұтанатын немесе жанғыш заттарды (эфир, бензол, спирт,
химикат, сұйытылған газ, жанғыш аэрозоль, бензин, сұйылтқыш,
мұнай, инсектицид, ауа тазартқыш, косметика және т.б.)
құрылғының жанында пайдаланбаңыз және сақтамаңыз.
Жұмыс істеп тұрғанда құрылғыны ұстамаңыз. Барабанның
толықтай тоқтауын күтіңіз.
Жоғары температуралы бағдарлама барысында есікті ұстамаңыз.
Құрылғыдан су аққан немесе су басқан жағдайда, қуат ашасын
ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Үзілген немесе жарылған жағдайда, шлангілер мен
клапандардың қысымын азайту және су ағып кетпеуі үшін су
құбырының крандарын өшіріңіз. Құю шлангілерінің жағдайын
тексеріңіз; олар 5 жылдан кейін ауыстырылуы керек.
Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса,
құрылғыны немесе қуат ашасын ұстамаңыз және бөлмені дереу
желдетіңіз.
Жылдың суық мезгілінде су ағызу құбыршегі не кіріс құбыршегі
қатып қалса, оны тек еріткеннен кейін пайдаланыңыз.
Барлық жуу құралдарын, жұмсартқыштарды және
ағартқыштарды балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз.
Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен
ұстамаңыз.
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
kk_main.book.book Page 6 Friday, March 4, 2022 10:43 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать