LG TW4V9RW9E [57/104] Пайдалану

LG TW4V9RW9E [57/104] Пайдалану
5
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗАҚША
Құрылғымен берілген қуат ашасын өзгертпеңіз. Егер ол
розеткаға сәйкес келмесе, білікті электр маманына дұрыс
розетканы орнатуға мүмкіндік беріңіз.
Бұл құрылғы жабдықты жерлендіру/жерге тұйықтау өткізгішіне
(жерлендіру қадасына) ие қуат сымымен және жерге тұйықтау
ашасымен жабдықталған. Қуат ашасы барлық жергілікті
нормалар мен ережелерге сәйкес және жерлендірілген/жерге
тұйықталған тиісті саңылаулы розеткаға жалғануы керек.
Жабдықты жерге тұйықтау өткізгішін қате жалғау электр тоғының
соғу қаупіне себеп болуы мүмкін. Құрылғының жерге дұрыс
тұйықталғанына сенімді болмасаңыз, білікті электрші немесе
қызмет көрсету қызметкерімен тексеріңіз.
Пайдалану
Зақымдалған болса немесе зақымдалған сым не аша сияқты
бөлшектері жетіспесе не сынған болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны қолданғанда, басқару панелін басу үшін өткір
заттарды қолданбаңыз.
Құрылғының панелдерін шешуге және бөлшектеуге тыйым
салынады.
Құрылғының қандай да бір бөлшегін жөндеуге немесе
ауыстыруға тыйым салынады. Егер осы пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілмесе, барлық жөндеу және қызмет
көрсету әрекеттерін білікті қызмет көрсету қызметкері орындауы
қажет. Тек өкілетті зауыттық бөлшектерді пайдаланыңыз.
Құрылғының есігі ашық болғанда есікті төмен қарай қатты
баспаңыз.
Үй жануарларын құрылғының ішіне салмаңыз.
Өндіруші затбелгіде жуылмайтын деп көрсеткен затты жумаңыз.
Құрылғының астындағы және айналасындағы аймаққа мамық,
қағаз, шүберек, химикаттар т.б. сияқты жанғыш заттарды
жақындатпаңыз.
kk_main.book.book Page 5 Friday, March 4, 2022 10:43 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать