LG TW4V9RW9E [76/104] Жуылатын киімді дайындау

LG TW4V9RW9E [76/104] Жуылатын киімді дайындау
24
Пайдалану
Жуылатын киімді
дайындау
Жақсы жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуу
жүктемесін сұрыптап, содан кейін киімдерді
олардың күтім жапсырмасындағы белгілеріне
сәйкес сұрыптаңыз.
Киімдерді сұрыптау
Ластану деңгейі (қатты, қалыпты, жеңіл):
киімдерді ластану деңгейіне қарай
сұрыптаңыз. Егер мүмкін болса, қатты
ластанған киімдерді жеңіл ластанған
киімдермен бірге жумаңыз.
Түрлі түсті (ақ, ашық, қара): қара немесе
боялған киімдерді ақ түсті немесе ашық түсті
киімдерден бөлек жуыңыз. Боялған киімдерді
ашық түсті киімдермен араластырып
жусаңыз, бояу жұғуы немесе ашық түсті
киімдердің түсі өзгеруі мүмкін.
Мамық (мамық шығарғыштар, жинағыштар):
мамық шығаратын маталарды мамық
жинағыш маталардан бөлек жуыңыз. Мамық
шығарғыштардың мамығы мамық
жинағыштарға жиналып қалуы мүмкін.
Киімдерге күтім жасау
белгілерін тексеру
Таңбалар киім материалының құрамы және
оның қалай жуылуы керектігі туралы ақпаратты
береді.
Күтім жасау белгілеріндегі
таңбалар
ЕСКЕРТПЕ
Таңба астындағы сызықшалар матаның
түріне және механикалық кернеудің
максималды мөлшеріне қатысты ақпарат
береді.
Киімдерді жүктеу алдында
тексеру
Жүктемені айналдыру кезінде теңестіру үшін
жүктемеде ірі және шағын элементтерді
араластырыңыз.
Жалғыз кішкентай нәрселерді жумаңыз.
Теңгерілмеген жүктемені болдырмау үшін
жүктемеге 1-2 ұқсас нәрселерді қосыңыз.
Бос екеніне көз жеткізу үшін барлық
қалталарды тексеріңіз. Шпилька, шаш
қыстырғыш, сіріңке, қалам, тиын және кілт
сияқты нәрселер құрылғыны да, киімдерді де
зақымдауы мүмкін.
Нәзік заттарды
(шұлықтар, сүйегі бар
кеудешелерді) арнайы торда жуыңыз.
Заттардың басқа киімдерге тиіп кетуіне
немесе шатастырылуына жол бермеу үшін
сыдырма ілгектерді, ілмектерді жабыңыз
және бауларды байлаңыз.
Дақтарды оңай кетіру үшін, алдын ала даққа
суда сұйылтылған жуғыш заттың аз мөлшерін
жағыңыз.
Таңба
Жуу бойынша ұсыныстар /
мата түрі
Қалыпты жуу
Мақта, Аралас маталар
Қарапайым күтім
Синтетикалық, аралас маталар
Арнайы нәзік жуу
Нәзік маталар
Тек қолмен жуу
Жүн, жібек
Жууға болмайды
Таңба
Жуу бойынша ұсыныстар /
мата түрі
kk_main.book.book Page 24 Friday, March 4, 2022 10:43 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать