Samsung Bespoke Jet Complete VS20A95823W [71/136] Маңызды сақтық белгілері

Samsung Bespoke Jet Complete+ VS20A95943N [71/136] Маңызды сақтық белгілері
Қазақ 3
Қауіпсіздік ақпараты
Құрылғыны іске қосар алдында, осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, кейін қарап
жүру үшін сақтап қойыңыз.
Себебі төменде көрсетілген құрылғыны пайдалану нұсқауларында әр түрлі үлгілер
қамтылғандықтан, сіздің шаңсорғышыңыздың техникалық сипаттамасы, осы
нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы мүмкін.
Маңызды сақтық белгілері
ЕСКЕРТУ
Өлім қатері немесе ауыр жарақат алу қаупі барын көрсетеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Адам жарақат алуы немесе мүлікке зиян келуі мүмкін екенін ескертеді.
ЕСКЕРІМ
Келесі мәтінде маңызды қосымша ақпарат барын көрсетеді.
Жалпылама ақпарат
Осы талаптар орындалмаса, шаңсорғыштың ішкі бөлшектеріне зақым келіп, кепілдік
заңды күшінен айырылуы мүмкін.
Нұсқаулардың барлығын мұқият оқып шығыңыз. Шаңсорғышты тоққа қосар
алдында электр желісіндегі кернеудің шаңсорғыштың артқы жағындағы техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген мәнге сай келетініне көз жеткізіңіз (батарея
контактысының тұсындағы).
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға
арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалар үлкендердің
қадағалауынсыз шаңсорғышпен тазалауға немесе оны жөндеуге тиіс емес.
Қауіпсіздік ақпараты

Содержание

Похожие устройства

Скачать