Samsung Bespoke Jet Complete VS20A95823W [74/136] Күтім көрсету

Samsung Bespoke Jet Complete+ VS20A95943N [74/136] Күтім көрсету
Қауіпсіздік ақпараты
Қазақ6
Қауіпсіздік ақпараты
Үйдегі ылғал, температура немесе еден материалы т.с.с. байланысты статикалық
электр тоғы пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай қайталанса, Samsung қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Шағын алаңда ұзақ уақыт бойы жануарларға арналған жабдықты қолданбаңыз және
жануарларға арналған жабдықтың үнемі бір жерде айналуына жол бермеңіз.
Сезімтал материалдарға қолданған кезде зақым келуі мүмкін.
Қылшақтары шығарылмаған Құрама қондырмамен былғары немесе ағаш сияқты
қатты материалдарды тазаламаңыз.
Күтім көрсету
Шаңсорғышты пайдалану кезінде немесе қолданғаннан кейін шаңсорғышты еденге
қою керек немесе оны сақтау үшін Тазалау блогына қою керек.
Құрылғы құлап кетіп, бұл жарақатқа және өнімге қатты зақым келтіруі мүмкін.
Сонымен қатар, келтірілген залал өтелмеуі мүмкін.
Шаңсорғышты автокөліктің ішінде сақтауға болмайды.
Құрылғы ішінен бөгде заттарды алып шыққан кезде әуелі оны өшіру қажет.
Құрылғы қосылып тұрғанда оның ішіндегі бөгде заттарды алсаңыз, жарақат
алуыңыз немесе құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Құрылғының сыртын тазалағанда, алдымен құрылғыны өшіріңіз және содан
кейін оны құрғақ сүлгімен сүртіңіз. Құрылғыға су тура шашпаңыз немесе бензин,
сұйылтқыш не спирт тәрізді тұтанғыш заттармен сүртпеңіз.
Құрылғыға су кірсе немесе ақау пайда болса, құрылғыны өшіріңіз және Samsung
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жууға болатын бөліктерін тазалаған кезде, сілтілік жуғыш заттарды, қышқылды,
өнеркәсіптік жуғыш заттарды, ауа сергіткіштерді, сірке суы қышқылдарын
пайдаланбаңыз.
Пластик заттардың сынуы, деформация, өңсіздену, баспа бояуының нашарлауы,
т.б. тәрізді өнім зақымдары пайда болуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать