DELVENTO V30H20S005 [73/95] Газ жабдықтарына тән ақаулар және оларды жою әдістері

DELVENTO V30H20S005 [73/95] Газ жабдықтарына тән ақаулар және оларды жою әдістері
73
Газ жабдықтарына тән ақаулар және оларды жою
әдістері
Назар аударыңыз!! Өрт туындаған жағдайда, газ беру негізгі
кранын және пісіру бетінің карндарын жабыңыз, 01 нөмірі бойынша
өрт сөндіру қызметін шақырыңыз және өртті сөндіру бойынша
шаралар қолданыңыз.
Егер пісіру бетінің жанында желіге қосылған электр
құрылғылар (шәйнек, тостер, кофеұнтақтағыш және т.с.с.)
тұрған болса, онда олардың сымдары жанарғы отының
аумағына түсіп кетпеуін қадағалаңыз.
Назар аударыңыз!! Газға байланысты ең көп таралған
жазатайым жағдайлар ол күйік шалу болып табылады. Әдетте
олар келесідей жағдайларда орын алады:
— құрылғының ыстық бөліктеріне тиіп кеткенде;
— қайнап жатқан сұйықтықтар шашырағанда;
— алдыңғы конфоркаларда тұрған ыдыс аударылғанда.
Мұқият болыңыз және әсіресе өзіңіздің балаларыңызға абай
болыңыз, ал дұрысы, құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе
суығанша оларды асүйге кіргізбеңіз.
Жұмыс істеп тұрғанда пісіру панелінің кейбір бөлшектері
қатты ысып кетеді және сөндіргеннен кейін де біршама уақыт
жылуын сақтайды. Абай болыңыз, оларға тимеңіз және
балаларға ескертіңіз – күйіп қалуларыңыз мүмкін.
Назар аударыңыз!! Шыңдалған шыныдан жасалған пісіру
беттерінің модельдерін пайдаланған кезде, егер шыны жарылып
кетсе, тоққа соғылудың алдын алу үшін құрылғыны сөндіріп
тастаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать