Haier HBW5519ERU [38/54] Дисплейдің күту режимін басқару

Haier HBW5519ERU [38/54] Дисплейдің күту режимін басқару
KK 11
Дисплейдің күту режимін басқару
Есік жабық болса -> күту режиміндегі дисплей (барлық жарықдиод
өшірілген)
Есік ашық болса -> тоңазытқыштың ағымдағы температурасының инди-
каторы және мұздатқыш температурасының индикаторы қосулы (тұрақты
жанады).
ECO режимінің индикаторы + Holiday режимінің индикаторы бұрын таңдалған
болса, қосылады (тұрақты жанады).
Дисплей кіріс сигналдарын қабылдауға дайын (оны түрту арқылы белсен-
дірудің қажеті жоқ).
Режимдер
Mode (Режим) түймесі әртүрлі режимдер арасында ауысу үшін пайдаланылады:
Тоңазытқыш температурасын реттеу Мұздатқыш камерасы температурасын
реттеу ECO режимі Holiday режимі Тоңазытқыш температурасын реттеу...
Сәйкес индикатор жанып, таңдау дереу расталады (жыпылықтаусыз). Таңдау
қысқа дыбыстық сигнал арқылы расталады.
Тоңазытқыш температурасын реттеу
Дисплей тақтасы қосулы кезде MODE түймесін басу арқылы «Тоңазытқыш темпе-
ратурасын реттеу» тармағын таңдаңыз. Тоңазытқыш аймағының индикаторы
жанады. TEMP түймесін қажетті температура орнатылғанша басып тұрыңыз.
Температура мәні келесідей өзгереді: 8°C -> 6°C -> 4°C -> 3°C -> 2°C -> Супер-
суыту -> 8°C...
Сәйкес индикатор жанып, таңдау дереу расталады (жыпылықтаусыз). Таңдау қысқа
дыбыстық сигнал арқылы расталады.
Мұздатқыш камерасы температурасын реттеу
Дисплей тақтасы қосулы кезде MODE түймесін басу арқылы «Мұздатқыш камерасы
температурасын реттеу» тармағын таңдаңыз. Мұздатқыш камерасы аймағының
индикаторы жанады.
TEMP түймесін қажетті температура орнатылғанша басып тұрыңыз.
Температура мәні келесідей өзгереді: -16°C -> -18°C -> -20°C -> -22°C -> -24°C ->
Супер-тоңазыту -> -16°C...
Сәйкес индикатор жанып, таңдау дереу расталады (жыпылықтаусыз).
Таңдау қысқа дыбыстық сигнал арқылы расталады.
Назар аударыңыз:
Пайдаланушы MODE түймесін басқан кезде, тоңазытқыш аймағынан мұздатқыш
аймағына және керісінше бірден ауысады. Таңдау бірден белсенді болады
Температура индикаторлары жыпылықтамайды

Содержание

Похожие устройства