Haier HBW5519ERU [51/54] Кепілдік шарттары

Haier HBW5519ERU [51/54] Кепілдік шарттары
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier
Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao,
Қытай, Сізге таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді жəне пайдалану
ережелерін ұстанған кезде осы бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс
атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалану үшін арналған
тұрмыстық бұйымның жұмысқа жарамды ресми мерзімі: бұйым кесімді
тұтынушыға табысталған күннен бастап теледидарларға, микротолқынды
пештер 5 жыл, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге жəне
теледидарлық приставкаларға 3 жыл, шаңсорғыштарға 4 жыл, ұялы
телефондар мен гироскутерлерге 2 жыл, қалған тауарларға 7 жыл.
Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты пайдалану мерзімі
айтарлықтай ресми мерзімнен артық болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі
аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін жəне
ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді
сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген жəне
техникалық талаптардың сəйкестілігіне арналған тиісті сертификаттауды
өткен.
Түсінбестікке жол бермеу үшін Сізден сатып алған кезде пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты, кепілдікті міндеттемелердің шарттарын зейін қойып оқып
шығуыңызды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі
тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды жəне
іске қосуды талап еткен болса, Сізге Haier-дің Авторландырылған серіктесіне
жүгінуді қадала ұсынамыз.
Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда
тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен, басқа
нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру
бойынша міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier
Корпорациясы төменде мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда
кепілдікті қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті қызмет көрсетудің шарттары
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай
кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал жаңсақтықтарға жол бермеу үшін қызмет
ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды
(тауарық чек, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) сақтап қойыңыз.
KK 24

Содержание

Похожие устройства