Haier ES50V-F3C(R) [27/38] Пайдалану

Haier ES50V-F5C (R) [27/38] Пайдалану
Сақтандырғыш клапанын орнату
6-сурет
F3/F3C/F5C/F7/TF7/TF7P сериялары үшін тік орнату келесідей орындалады:
1. 1-суретте орнату сызбанұсқасын қараңыз, 3-суретте көрсетілген өлшемдерге сəйкес,
қабырғада 2 саңылауды перфоратормен немесе бұрғымен бұрғылаңыз, осылайша олар
кеңейту бұрандамаларының диаметріне сəйкес келеді.
2. Алдымен анкерлік бұрандамаларды қабырғадағы саңылауларға кіргізіңіз, содан кейін
оларды бекітіңіз (бұраңыз), содан кейін электр су жылытқышты ілмектерге іліп қойыңыз.
3. Сақтандырғыш клапанын жəне басқа керек-жарақтарды «Сақтандырғыш клапанын
орнату» тармағына сəйкес орнатыңыз. Судың ағып кетуіне жол бермеу үшін қосылыстардың
тығыздалуына назар аударыңыз.
TF7 / TF7P сериялары үшін көлденең орнатуға болады, орнату əдісі төменде
жазылған:
1. 4-суретте орнату сызбанұсқасын қараңыз, 5-суретте көрсетілген өлшемдерге сəйкес,
қабырғада 2 саңылауды перфоратормен немесе бұрғымен бұрғылаңыз, осылайша олар
анкерлік бұрандамалардың диаметріне сəйкес келеді.
2. Алдымен анкерлік бұрандамаларды қабырғадағы саңылауларға кіргізіңіз, содан кейін
оларды бекітіңіз (бұраңыз), содан кейін электр су жылытқышты ілмектерге іліп қойыңыз.
3. Сақтандырғыш клапанын жəне басқа керек-жарақтарды «Сақтандырғыш клапанын
орнату» тармағына сəйкес орнатыңыз. Судың ағып кетуіне жол бермеу үшін қосылыстардың
тығыздалуына назар аударыңыз.
Электр су жылытқышты орнату мен құрастыруды жеңілдету үшін электр су жылытқыштың
жеткізу (суық) жəне шығару (ыстық) құбырларының түйісулерінде жəне қосылыстарында
G1/2 бұрандалы қосылысын пайдалану ұсынылады. Ішкі бакты сумен толтырыңыз жəне
ағып кетудің бар-жоғын, барлық жерде қосылыстардың тығыздалғанын тексеріңіз. Егер су
ағып кетсе, суды ағызып, қайта қосыңыз.
Ескерту: келесіге көз жеткізіңіз:
- F1 / F1M сериялары үшін құрылғының артқы жағындағы ілмектер қабырғаға мықтап
бекітілген;
- F3 / F3C/ F5C / F7 / TF7 / TF7P сериялары үшін дене жарақатына немесе мүліктің
жоғалуына/бұзылуына əкелуі мүмкін электр жылытқышының құлап кетуіне жол бермеу
үшін құрылғының артқы жағындағы қабырға кронштейні қабырғадағы анкерлік
бұрандамаларға мықтап бекітілген.
Төкпе құбыршекке
қосыңыз
Сақтандырғыш клапанының корпусындағы тілшенің
бағытына сəйкес (тілше су жылытқышты көрсетеді), суды
ЭСЖ-қа өткізетін құбырға орнатылатын, 0,80 МПа тең
(G1/2 бұрандамалы бөлігі) номиналды қысыммен
сақтандырғыш клапанын орнатыңыз. Электр энергиясы
ЭСЖ-на қосылып, су қызған кезде бакта су кеңейеді.
Бактағы қысымды төмендету үшін аз мөлшердегі су
қыздырылған кезде сақтандырғыш клапанының шығу
саңылауынан ағып кетуі мүмкін. Сақтандырғыш клапанының
саңылауынан судың кедергісіз шығуын қамтамасыз етіңіз.
Сақтандырғыш клапанының төкпе құбыршегін орнату əдісі: құбыршектің бір ұшы
сақтандырғыш клапанының қысымын төмендететін саңылауға бұралып, құбыршектің
ұзындығын нақты жұмыс жағдайларына байланысты реттеуге болады, қысымды босату
кезінде су еденге тамшыламау үшін, екінші ұшы канализациялық саңылауға қосылады.
Сақтандырғыш клапанның төкпе құбыршегін үй-жайдағы плюс температурада
майыстырмай еңкіш күйінде жалғау керек.
88
Орнатуды аяқтағаннан кейін алдымен су жылытқыштың кіріс клапаны мен шығыс
келтеқұбырын ашыңыз, өйткені бірінші жұмыс кезінде бакта су болмайды, содан кейін ыстық
судың максималды қысымын қамтамасыз ету үшін араластырғыш клапанды ашыңыз. Душ
суқұйғышынан су ағыны үздіксіз аққаннан кейін шығыс келтеқұбырын жабыңыз, өйткені бұл
бактың сумен толтырылғанын білдіреді. Барлық қосылыстардың тығыз орнатылғанына көз
жеткізгеннен кейін, ЭСЖ-ты қосыңыз.
Желіге қосылған кезде су жылытқышының дисплейі 1 секундқа жанады, қосылғаннан кейін
ЭСЖ электр қуаты өшкенге дейін орнатылған режимге өтеді (əдепкі бойынша бірінші рет
іске қосылғанда бұл ECO режимі).
«1,5 кВт» түймесін басыңыз, «Half» белгішесі жанады, максималды қыздыру температурасы
75 С, 2 секундқа жыпылықтайды жəне судың нақты температурасы көрсетіледі, құрылғы сол
жақ бактағы суды жылыту үшін 1500 Вт қуатты пайдаланады;
«3 кВт» түймесін басыңыз, «All» белгішесі жанады жəне құрылғы екі бактағы суды бір уақытта
жылыту үшін 3000 Вт қуатты пайдаланады.
Электр қуат көзін қосыңыз жəне толық көрсетілгеннен кейін 1 секундтан кейін дисплей
экраны қуат өшірілгенге дейін күйге енеді.
Қосу үшін түймесін басыңыз.
Адамдар санын таңдау үшін
«
Smart
»
түймесін басыңыз:
1 Саны: режим 1 адамның ыстық суды пайдалануына жарамды;
2 Саны: режим 2 адамның ыстық суды пайдалануына жарамды;
3 саны: режим 3 адамның ыстық суды пайдалануына жарамды.
Сіз таңдаған адамдар санына сəйкес, ЭСЖ автоматты түрде жылытуды орындайды.
50L ді 1 адам жəне 2 адам тұтынуы үшін орнатуға болады;
80L/100L-ді 1 адам, 2 адам жəне 3 адам тұтынуы үшін орнатуға болады.
kW
kW
MAX
ECO
MAX
SET
F1 сериясы
Түймелердің сипаттамасы
Интеллектуалды басқару режимі. Суды
пайдаланушылар санын таңдаңыз.
Жалғыз бак режимі
Қос бак режимі
Бактағы суды бактерияға қарсы тазарту
функциясы.
МАХ режимі
ЕСО режимі
Температураны орнату
Қуатты қосу / өшіру
Пайдаланушылар санын көрсету белгішесі
Қыздыру белгішесі
Қос бак режимінің белгішесі
Жалғыз бак режимінің белгішесі
ECO режимінің белгішесі
MAX режимінің белгішесі
Температура / нақты температураны
орнату белгішесі
Бактерияға қарсы функция белгішесі
Wi-Fi белгішесі ек F7 сериясында
ғана бар)
Белгішелердің сипаттамасы
Қосылу
Интеллектуалды басқару режимі (F1 сериясы)
Жалғыз / Қос бак режимі (F1 сериясы үшін)
Пайдалану (F1/ F7/TF7/TF7P сериялары үшін)
Басқару тақтасының сыртқы көрінісі
Пайдалану
1.5kW
3kW
F7/TF7/TF7P
сериялары
9

Содержание

Похожие устройства