Haier ES50V-F3C(R) [33/38] Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету

Haier ES50V-F5C (R) [33/38] Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету
Егер сіздің электр су жылытқышыңызды енді пайдалану мүмкін болмаса
жəне оны тастағыңыз келсе, онда қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін су
жылытқышты дұрыс кəдеге жарату керек. Қосымша ақпарат алу үшін
жергілікті қызметтерге хабарласыңыз. Егер су жылытқыш кəдеге жаратылуға
арналған болса, электр су жылытқышты енді пайдалануға болмас үшін
электр қуат көзінің сымын корпусқа мүмкіндігінше жақын етіп кесіңіз.
Электр су жылытқышы кəдеге жаратылу барысында, сізге ешқандай қиындық
тудырмайтындай етіп жасалған.
Бұйымдағы бұл таңба бұл бұйымды тұрмыстық қалдықтармен бірге кəдеге жаратылмау
керектігін білдіреді. Бұйым электрлік немесе электронды жабдықты жинау немесе кəдеге
жаратылу орнына апарылуы керек.
Бұйымның дұрыс кəдеге жаратылуына көз жеткізе отырып, сіз қоршаған ортаға жəне
адамдардың денсаулығына дұрыс емес кəдеге жаратудан туындауы мүмкін теріс əсер
етудің алдын алуға көмектесесіз.
Ескерту: Берілген су жылытқышты жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету тек білікті
мамандар жүргізуі керек. Біліксіз араласу ауыр дене жарақатының себебі болуы немесе
мүлікке зиян келтіруі мүмкін.
Су жылытқышты тазаламас бұрын электр қуат көзін өшіру керек. Су жылытқыштың бетін
бейтарап жуғыш заттарды пайдаланып дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Бензинді немесе
басқа еріткіштерді қолданбаңыз. Тазалау аяқталғаннан кейін су жылытқышты құрғақ
шүберекпен сүртіңіз. Құрамында абразивті материал (мысалы, тіс пастасы), қышқылдар,
химиялық ерітінді (мысалы, спирт) немесе политура бар тазартқышты қолданбаңыз. Су
жылытқыштың жоғары тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін əр үш жыл сайын оның
жылыту түтіктері мен су багын үнемі тазалап отыру керек. Тазалау кезінде қыздыру
түтігінің қорғаныш жабынына жəне бактың ішкі бетіне зақым келтірмеу керек.
Су жылытқыштың тиімділігі жоғары жұмысын қамтамасыз ету үшін оған үнемі техникалық
қызмет көрсету қажет (екі жылда бір рет ұсынылады). Пайдаланылатын судың сапасына
жəне су жылытқышты пайдаланудың жүйелілігіне байланысты кемінде екі жылда бір рет
магний анодын ауыстыру қажет. Haier TF7/TF7P/F3/F7/V1/F1/F1M/F3C/F5C сериясы үшін
кемінде жеті жылда бір рет магний анодын ауыстырыңыз Магний аноды суды қоспалардан
тазартады жəне су жылытқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады. Техникалық қызмет
көрсету үшін Авторизацияланған Сервистік орталығына хабарласыңыз.
Еске саламыз:
Егер су жылытқышы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, су жүргізетін құбырдағы шұраны жауып,
араластырғыш клапанды ашып, оның тұтқасын ыстық судың максималды деңгейіне қою
керек. Осыдан кейін аз мөлшердегі ыстық сумен күйіп қалмауыңызға мəн бере отыра,
душтың суқұйғышын бұрап алыңыз. Содан кейін суды ішкі бактан ағызу үшін,
сақтандырғыш клапанын алыңыз.
Екінші рет қолданған кезде, кез-келген ақаулықты болдырмас үшін, электр қуат көзін қоспас
бұрын, құбырдан газдарды шығару үшін, ыстық су шүмегін ашу ұсынылады. Бұл ретте
ашық клапанның жанында темекі шегуге жəне ашық жалынның болуына жол берілмейді.
Сонымен қатар, су жылытқыштың құрамдас бөліктерінің жақсы күйде екенін жəне оларды
пайдалануды бастамас бұрын ішкі су багының толтырылғанын мұқият тексеру қажет.
Өнімді қаптамасында көрсетілген манипуляциялық белгілерге сəйкес зауыт қаптамасында
тасымалдау жəне сақтау қажет.
Тиеу, түсіру жəне тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
Көлік пен қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан жəне механикалық зақымдалудан
қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Бұйымды кəдеге жарату
Тасымалдау жəне сақтау
Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету
14

Содержание

Похожие устройства