Galaxy Line GL6215 [22/29] Секцияларды бекіту тұтқасын алыңыз және

Galaxy Line GL6215 [22/29] Секцияларды бекіту тұтқасын алыңыз және
KAZ
23
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құралды барлық қаптаушы материа-
лын (бар болған жағдайда) алып тастай отырып, қаптамадан шығарыңыз.
Жиынтықты тексеріңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз
жеткізіңіз. Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз. Корпусты
алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз.
6.1 Тiреудi қурастыру
6.1.1 Корпусқа тіреулерді бекіту батырмасын
басыңыз және, оны жіберусіз телескоптық тіреудің
табанын корпустағы саңылауға тірелгенше дейін
қойыңыз, сосын батырманы босатыңыз.
6.1.2 Секцияларды бекіту тұтқасын алыңыз және
оны сағат тіліне қарсы бұраңыз (1 сур.), секци-
яны қажетті ұзындыққа тартыңыз және тұтқаны
сағат тілі бойынша бұрай отырып, бекітіңіз. Қалған
секцияларды тартып және бекітіп, телескоптық
тіреудің қажетті ұзындығын реттеңіз.
6.1.3 Киімге арналған киім ілгішті тіреуге
орнатыңыз және бекіткішті сағат тіліне қарсы
бұрай отырып, оны қажетті деңгейге бекітіңіз.
Ілгіштерді жоғары көтеріңіз жәнеоны да бекіткішті
сағат тіліне қарсы бұраумен бекітіңіз. Шалбарларға
арналған ұстағыштарды ілмектерге іліңіз.
1 сур.
6.1.4 Үтікшеге арналған қойғышта тіреуге орнатыңыз. Бу үтікшесін
қойғышқа дұрыс күйде орнатыңыз.
6.2 Контейнерді сумен толтыру
6.2.1 Жұмыс бастаудың алдында бу шығудың қарқындылығын реттегішті
«0» күйіне орнатыңыз.
6.2.2 Тұтқасынан ұстаңыз және контейнерді құралдың корпусынан шешіңіз.
Суға арналған контейнерді аударыңыз және контейнер түбіндегі клапанды
бұрап шешіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Суға арналған контенер шешудің алдында
құралдың электр желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Ыстық суды
қолданбаңыз, судың температурасы +50° С-тан жоғары болмауы керек.
ЕСКЕРТУ: Бумен жібіткіштің қызметтік мерзімін ұзарту үшін тазартылған
және минералсызданған суды қолдану ұсынылады.
6.2.3 Су құйыңыз.
6.2.4 Клапанды тартып бекітіңіз.
6.2.5 Контейнерді электр құралының корпусына орнатыңыз.

Содержание

Похожие устройства